«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ЕСІЛ РЕГАТАСЫ” МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Он күн бойы Есіл өзенімен облыс аумағын шарлаған регата Петропавлға келді. Шал ақын ауданынан шыққан қайықшылар тобы өз шеруін Мемлекеттік рәміздері күніне арнаған болатын. 

 

Аманжол НҰРТАЗИН,

журналист.

“Есіл регатасы” 10 күн бойы өзенмен жүзіп отырып, 300 шақырым жолды еңсерді. Белгіленген мерзімде мәреге дейін жету үшін Есіл өзенінде бір тәуліктің ішінде 10 сағаттан жүзуге тура келген.

“Есіл регатасының” ұйымдастырушысы Василий Бородайдың айтуынша, жолда қатты ағыстар көп кездесіпті. “Тіпті, кейбір жерлерде өзен жағалауымен өтуге тура келді. Алайда, барлығын өткердік”, – деді ол.

 

Қатысушылардың айтуынша, жолда түрлі қиындықтарға да тап болыпты. Қатты ағыс қана емес, кейде құндыздар да жолдарын тежепті. Бұл саяхат есте қалары анық. “Сергеев су қоймасынан өткен кезде тамаша көріністің куәсі болдық”, – дейді қатысушылар. Он күн бойы регата мүшелері тамаша табиғат аясында өздері тіккен шатырларда қонып, өзеннен балық аулап тамақтаныпты.

“Облысымыздың табиғатын көру үшін әдейі регатаға қатысуға бел будық. Тамаша саяхат жасап қайттық”, – дейді Артем Дубровский.

Регатаның ұйымдастырушысы Василий Бородайдың айтуынша, олар алғаш рет осындай алыс қашықтыққа жол жүріпті. Қиындығы мен қызығы қатар жүрген саяхаттан мол әсер алған қайықшылар тобы келер жылы да регата ұйымдастырмақшы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp