«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КЕШЕГІ ӨРТСӨНДІРУШІ – БҮГІН ШЕБЕР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қаласының арнайы мамандандырылған №3 өрт сөндіру бөлімінде ардагер Александр Тюрин жас мамандармен кездесті. 

Жанаргүл ТҰТҚЫШЕВА,

М.Қозыбаев атындағы

СҚМУ-дің студенті.

Оның “101” қызметінде мінсіз жұмыс атқарғанына 20 жылдық өтілі дәлел.  

Александр Владимирович бала кезінен әскери киімге қызығып, өрт сөндіруші болуды армандаған. Бұған оның тұрған үйінің өрт сөндіру бөлімімен көрші орналасқандығы себеп болғантын. 1987 жылы әскерден келе сала, өрт сөндіру бөліміне жұмысқа орналасты.

 

Ардагер арнайы мамандандырылған №3 өртсөндірушілер бөлімінде бөлімше командирі болды.

Еңбегі елеусіз қалған жоқ, ол – “Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін” әр жылдары берілген І, ІІ, ІІІ дәрежелі медальдардың иегері.

Зейнет демалысына шыққалы бері, ардагер өзіне ермек тапты – моншақтан картина тігумен айналысып жүр. “Күзет” қызметіне орналасып, жұмыс істеп жүрген кезінде облыстық ауруханада бір жас қыздың моншақтан картина тігіп отырғанын байқаған Александр Владимировичті бұл іс қатты қызықтырды. Осы іске көңілі ауып, қолы тез үйренді. Міне, содан бергі 4 жыл ішінде моншақтан тіккен 30-дан астам жұмысы бар. Соның екеуін өзінің Германияда тұратын інісінің мерейтойына сыйлапты.

– Моншақтан бір картина тігу үшін бір ай уақыт кетеді. Картинаны бастамас бұрын моншақтың түсіне назар аударамын. Өйткені, түсі ерекше, әрі әдемі болғаны өз алдына, шыны моншақ қолға ұстағанда адамға таңғаларлық әсер, сезім сыйлайды. Сүйікті жарым айналысқан жұмысыма риза, – дейді шебер.

Кездесу соныңда ардагер өз жұмыстарының бірін арнайы мамандандырылған №3 өрт сөндіру бөліміне тарту етті. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp