«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҮЗДІК ШЫҒАРМАЛАР АНЫҚТАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мәдина БАЛҒАШОҚОВА,

қазылар алқасының төрайымы.

Солтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті “Менің қазақстандық полициям” шығармалар конкурсының қорытындысын шығарды. Конкурсқа 63 шығарма түсті. Оның 25-і – қазақ, 38-і орыс тілінде жазылған.  

Қазылар алқасы жеңімпаздарды “5-11- сынып оқушыларының мемлекеттік тілде жазған үздік шығармасының авторы” және “5-11-сынып оқушыларының орыс тілінде жазған үздік шығармасының авторы” аталымдары бойынша марапаттады.

 

Мемлекеттік тілде ұсынылған шығармалар бойынша 1-орын Мамлют ауданы Ленин орта мектебінің 9-сынып оқушысы Нұрбек Жолмұқанға, 2-орын Петропавл қаласындағы әл-Фараби мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Анар Жасұлановаға, 3-орын Тайынша қаласындағы №3 орта мектептің 8-сынып оқушысы Диана Тайжанова мен облыстық жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттың 11-сынып оқушысы Юлия Ершоваға берілді.

Орыс тіліндегі шығармалар арасында 1-орынды Тимирязев ауданы Ақжан негізгі мектебінің 5-сынып оқушысы Ерсұлтан Алпысбай, 2-орынды Петропавл қаласындағы №7 орта мектептің 11-сынып оқушысы Қайрат Қалымжанов, 3-орынды Қызылжар ауданы Озерный орта мектебінің 8-сынып оқушысы Мадина Абдульманова жеңіп алды. Бұдан басқа, қазылар алқасы облыстық саңырау балаларға арналған мектеп-интернаттың оқушысы Никита Ковальчуктің еңбегін ІІД басшысының Алғыс хатымен марапаттауға шешім қабылдады. Жеңімпаздардың барлығы Қазақстан полициясы күні қарсаңында салтанатты түрде марапатталатын болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp