«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ҮКІЛІ ДОМБЫРА” БАЙҚАУ-БӘЙГЕСІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Құрманғазы Сағырбаевтың туғанына 190 жыл мерейтойына орай 2013 жылы 14-15 қазанда Атырау қаласында домбыра жасаушы шеберлердің VIII республикалық “Үкілі домбыра” байқау-бәйгесі өткізіледі.

Байқау-бәйгеге ұлттық музыкалық аспаптарды жасайтын барлық кәсіпқой шеберлермен қатар әуесқой дарындар да қатыса алады. Бәйгенің бұрынғы байқаулардан ерекшелігі: домбыра тұтас ойып жасалуы тиіс. Қозықұйрық домбыраның мойыны 48 см., қалақ домбыраның мойыны 46 см. болуы шарт.

 

Жүлде берілетін домбыралар қазылар алқасының шешімімен анықталады. Аспаптың жасалу сапасына, үнділігіне, безендірілуіне және материалына (бұйра үйеңкі) баса көңіл бөлінеді.

Тілек білдірушілер өз өтініштерін 15 қыркүйекке дейін “Иман” республикалық қорына жолдаулары керек.

Байқау-бәйгеге төмендегідей жүлделер белгіленген:

Бас жүлде – ақшалай сыйлық – 4000 ш.б.

I орын – ақшалай сыйлық – 3000 ш.б.

II орын – ақшалай сыйлық – 2000 ш.б.

III орын – ақшалай сыйлық – 1000 ш.б.

2 ынталандыру сыйлығы – 1000 ш.б.

Байқау-бәйгеге қатысушылар 50000 теңге көлемінде жарна төлеуі тиіс.

Ұйымдастырушылар: “Иман” республикалық қоры. Мекенжайы: 480042, Алматы қаласы, Ғабдуллин көшесі, 74, тел./факс 8(7272) 394-80-59, e-mail: daraboz_magazine @ mail.ru.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті, Атырау облыстық әкімдігі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp