«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚЫРКҮЙЕК АЙЫНДА – ҚОНЫСТОЙ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қошан ҚАЛИ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Петропавл қаласындағы Уәлиханов және Шухов көшелерінің қиылысында салынып жатқан 5 қабатты 90 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысын облысымызға танымал құрылыс фирмасы – “Основание” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Құрылыс нысанының іргетасын қалау өткен жылғы қыркүйек айында қолға алынған. Маңызды нысанды үстіміздегі жылдың қыркүйек айында тапсыру көзделіп отыр.  

 

Бұған дейін тапсырыс беруші – “Петропавл қалалық құрылыс бөлімі” мемлекеттік мекемесінің кінәсінен, яғни тиісті қаржы уақтылы бөлінбегендіктен, мұндағы жұмыс сылбыр атқарылып келсе, бүгінгі күні ол жандана түскен. Құрылыс-монтаж жұмыстарының ішіндегі негізгісі саналатыны тас қалау болса, оны 18 адамнан тұратын 2 бригада таңертеңгі сағат 8-ден бастап, кешкі сағат 6-ға дейін тоқтаусыз жүргізуде. Қазір бұл үйдегі 1-3-подъездердің – 3-ші, 4-5-подъездердің 2-ші қабаттарының қабырғалары қаланған, сондай-ақ 6 подъездің 1-ші қабатының қабырғасы көтерілген. Атқарылған жұмыс мұнымен де шектелмейді. Пәтерлер қалқаланып, бөлмелерге бөлінген, пластикалық терезелер үйдің қабаттары көтерілген сайын іле орнатылуда, баспалдақ алаңшаларына қоса үйдің қабаттарына көтерілетін баспалдақтар да қабаттаса салынуда, лоджиялар құрастырылуда.

Құрылыс басындағы жұмыстың қалай жүріп жатқанын кранның бір тынбауынан да аңғаруға болады. Екі жұмысшы әлгі кран көтеріп, тиісті қабатқа жеткізетін кірпіш, лай, үйдің жабындарына салынатын плиталарды әп-сәтте жіберіп үлгеруде.

– Жұмыс тоқтаусыз атқарылуы үшін жұмысшыларды қажетті құрылыс материалдарымен қамтамасыз ету аз. Олай болса, оларға жасалатын жағдайды алдымен ойлаған жөн. Ол, әрине, құрылысшылар ай сайын алатын айлық еңбекақыларына тікелей қатысты. Бұл мәселеге серіктестік директоры Сергей Тимофеев үнемі көңіл бөліп, сергек қарайды. Содан да жалақымызды уақтылы алып отырамыз. Ал дұрыс жағдай жасалған жерде жұмыс та ойдағыдай атқарылады, ең бастысы – сапасы жақсы болады, – дейді шебер Александр Павленко.

Құрылысқа қажетті материалдарға келсек, кірпіш – Көкшетау мен Астанадан, ал плиталар – Омбыдан, сондай-ақ қаламыздағы “Единство” ЖШС-нен жеткізілуде. Серіктестік құрылысшылары енді көп кешікпей үйдің шатырын жабуға, ондағы ішкі және өңдеу жұмыстарын жүргізуге кіріседі.

СУРЕТТЕ: тас қалаушылар (солдан оңға қарай) Талғат Көшімов және Орынбай Ысқақов жұмыс үстінде.

Суретті түсірген

Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp