Қазақстан полициясы күні қарсаңында облыстық Ішкі істер департаментінің ұжымы қызметтік міндетін орындауда қаза тапқан қызметкерлерін еске алды.
Аталмыш шараға облыс әкімінің орынбасары Владимир Балахонцев, ІІД-нің басшылығы, ардагерлер, солтүстікқазақстандық полицейлердің жеке құрамы қатысты. Қызметтік міндетін орындауда қаза тапқан қызметкерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылып, автоматтан үш мәрте оқ атылып, бір минут үнсіздік жарияланды. 2009 жылы ашылған аталмыш ескерткішке ішкі істер органдарының 8 қызметкерінің аты-жөні жазылған. Осы орайда ІІД-нің бастығы, полиция полковнигі Мұрат Ұрұмханов олардың есімдері мәңгі жадымызда болып, қоғамдық тәртіпті сақтауда сапта жүргендер мен жас мамандар үшін қызметті адал атқарудың және ерліктің үлгісі болып қалады, деді.
Суреттерді түсірген Амангелді БЕКМҰРАТОВ.