«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕКТЕППЕН ҚОШТАСУ КЕШІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Сиқырлы қоштасу кеші” акциясы өз мәресіне жетті. Бір ай бұрын басталған аталмыш акцияны ұйымдастырушы – “Улыбка” балалар қайырымдылық қоры.

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ, 
“Солтүстік Қазақстан”.

Акция аз қамтылған көпбалалы отбасылар, мүмкіндіктері шектеулі, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған және жетімдіктің тауқыметін тартқан балаларға аз да болса, көмек көрсету мақсатында өткізілді. Қаланың үздік оқушылары Элина Мессерле мен Аблайхан Байдет (суретте) – акцияның алғашқы қатысушылары. Өмірін медицина саласына арнауды қалайтын Элина Мессерле – есту кемістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы түзету мектеп-интернатының түлегі. Ал көпбалалы отбасынан шыққан Аблай Байдет қазақ мектеп-гимназиясында білім алып, енді Мәскеудің әскери институтында білім алуды көздеп отыр. Оларға демеушілердің көмегімен қоштасу кешіне арналған сәнді киімдер сатып алынды. Элина жанашыр жандардың көмегімен армандағы ханшайымға айналғанын айтады. Оған кешкі көйлек, биік өкшелі туфли, гүл сыйланып, “Цирюльник” әсемдік салонында сәнді шаш жасалып, беті әрленді. Аблай Байдетті де бұл күні жігіттің сұлтаны деп айтса тұрарлық. Болашақта Отан қорғаушылар қатарынан көрінгісі келетін оған қазіргі заманның сәнімен жасалған костюм, галстук, ақ жейде мен аяқкиім тарту етілген.
Қоштасу кешіне дайын түлектерді ұйымдастырушылар көлікпен салтанатты шараға шығарып салды.

Суретті түсірген Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp