«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ескерту

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru
Құрметті солтүстікқазақстандықтар!
Ауа райының ысуына байланысты облыс аумағында суға түсіп, өмірімен қоштасып жатқандар саны көбейіп кетті. Үстіміздегі жылдың мамыр-маусым айларында су айдындарында балық аулау мен шомылудың қарапайым ережелерін сақтамаудың салдарынан 10 адам ажал құшты, оның екеуі – 16 жасқа толмаған жеткіншектер.
Сондай-ақ, Петропавл қаласы және Қызылжар мен Жамбыл аудандарында 20 маусым күні ауаның ыстығынан кеуіп тұрған 2,5 гектар жерді өрт орады.


Облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент осындай төтенше оқиғаларды болдырмау үшін су айдындарында демалу мен өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды талап етеді:
– суға түсуге арналмаған орындарда шомылуға;
– ішімдік ішкен күйде шомылуға;
– су беті толқындап тұрғанда және күннің қараңғы мезгілінде шомылуға;
– жалғыз суға түсуге;
– балалардың ата-ананың қарауынсыз шомылуына тыйым салынады.
Оттан абай болыңыздар! Сөндірілмеген темекі тұқылы табиғатты үлкен апатқа әкеліп, ондаған гектар жасыл желек пен егістіктерді күлге айналдырады. Өрт қаупі кезінде далаға от жағуға тыйым салынады. Ережені бұзғандар заң алдында жауап беріп, айыппұл төлеуге мәжбүр болады.
Облыстық Төтенше жағдайлар
жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp