«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІЗДІҢ ТҰРҒЫН ҮЙ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

2013 жылдың басында зерттелген 660 үй шаруашылықтарының 60,3%-ында 3 және одан да көп бөлмелі, 29,9 – 2 бөлмелі және 9,8%-ында 1 бөлмелі үйлері бар.

2013 жылдың басында тұрғын үй қоры бар 660 үй шаруашылығын зерттеу нәтижесі тұрғын үйдің басым бөлігі 96,8%-ы жекеменшік үй екенін, 3,0 – жалданған үй екенін, 0,2 – әкімдік меншігі екенін көрсетті. Зерттелген респонденттердің басым бөлігі – 54,7%-ы – жеке үйлерде, 41,0 – жеке пәтерлерде, 4,3%-ы үйдің бір бөлігінде тұрады.

 

Зерттелетін үй шаруашылықтары бойынша жыл басына тұрғын үйдің жалпы көлемінің орташа мөлшері 58,7 шаршы метрді, тұрғын көлемі 40,5 шаршы метрді құрады.

Үй шаруашылықтарына өткізілген біржолғы зерттеу көрсеткіштері: тұрғын үйлер түгелдей электрленгенін, орталықтан жылытумен – 34,7%, жеке қондырғыдан жылытумен – 65,3, желілі газбен – 29,1, сұйытылған газбен (баллондағы) – 69,0, су құбырымен – 37,1, ыстық сумен – 30,9, кәрізбен – 37,1, ванна немесе себезгімен – 34,9, стационарлық телефонмен – 91,0, телерадиохабар бағдарламаларымен, қабылдау құралдарымен – 99,8, домофонмен – 25,7%, гаражбен 19,8% жабдықталғанын байқатады.

Сұрау алынған респонденттердің 82,1%-ы – суық судың қысымымен, ыстық судың қысымымен – 76,1, электр жүйесінің кернеуімен – 88,4, газдың берілуімен – 91,6, ыстық судың температурасымен – 73,5, жылыту температурасымен 69,4%-ы қанағаттанады.

Ауызсудың сапасы туралы респонденттердің 56,2%-ы жақсы десе, 39,8%-ы қанағаттанушылықтарын білдірді және 4%-ы судың сапасы ұнамайтынын көрсетті.

Облыстық Статистика департаменті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp