«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТУУ ТУРАЛЫ КУӘЛІККЕ қосымша парақ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қырғызстан Республикасы Үкіметінің арасындағы 2012 жылғы 11 мамырдағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Қырғызстан Республикасы аумағында және Қырғызстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасы аумағында болу тәртібі туралы келісімі аясында (2012 жылғы 5 шілдедегі №26-V ҚР Заңымен ратификацияланған) төлқұжаттары жоқ, 16 жасқа толмаған балаларға “Туу туралы куәлікпен” бірге Қазақстан Республикасының азаматтығына қатыстылығы көрсетілген (фотосуреті бар) қосымша-анықтаманы ұсынған жағдайда енуі қарастырылған.
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларға туу туралы куәлікке қосымша-анықтаманы алу үшін Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Мағжан Жұмабаев көшесі №118 мекенжайындағы №103 кабинетте орналасқан СҚО ІІД Көші-қон полициясы басқармасына өтініш жасау керек. Өтінішпен бірге баланың 3,5х4,5 көлеміндегі фотосуретін, туу туралы куәлігін, ата-анасының құжаттарын (түпнұсқасы мен көшірмелерін) ұсыну керек. Мемлекеттік баж салығын төлеу талап етілмейді.

СҚО ІІД-нің көші-қон полициясы басқармасы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp