«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ АҚЫЛЫ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ЖҰМСАҒАН ШЫҒЫСТАРЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

2013 жылғы І тоқсандағы тұрғындардың ақшалай шығыстары құрылымының 19,1%-ын ақылы қызметтер алады, оның ішінде қалалық жерде – 22,9%-ын, ауылдық жерде – 15%-ын.
Облыстағы үй шаруашылықтарын іріктеп зерттеу нәтижелері бойынша 2013 жылғы І тоқсанда тұрғындардың ақылы қызметтерге шығыстары орташа жан басына 16 471 теңгені құрады, немесе айына 5 490 теңге.
Ақылы қызметтерге жұмсаған шығыстар құрылымында 36%-ы – коммуналдық қызметтер, тұрғын үйді күтіп ұстау және жөндеуге, 20,3%-ы – байланыс қызметтеріне, 15,1%-ы – көлік қызметтеріне, 9,8% – білім беру қызметтеріне, 10,9%-ы өзге де қызметтерге келеді.


Облысымыздың бір тұрғыны орташа есеппен 5 926 теңге коммуналдық қызметтер, тұрғын үйді күтіп ұстау және жөндеуге, 3 338 теңге – байланыс қызметтеріне, 2 483 теңге – көлік қызметтеріне, 1 613 теңге білім беру қызметтеріне жұмсады.
Қалалық жерде орташа жан басына шаққанда коммуналдық қызметтер, тұрғын үйді күтіп ұстау және жөндеуге шығыстары 10 099 теңге құрады, байланыс қызметтеріне – 4 511 теңге, көлік қызметтеріне – 2 983 тенге, білім беру қызметтеріне – 2 437 теңге.
Қалалық жерде тұрғындардың шығыстары жоғарыда көрсетілген қызметтердің түрлері бойынша ауылдық жерге қарағанда сәйкесінше 3,4 есеге, 1,8,1,4,2,4 есеге жоғары болды.

 

Облыстық Статистика департаменті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp