«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“АШЫҚ ЕСІК КҮНІНДЕ” келушілерді заңдағы өзгешеліктер қызықтырды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сейсенбі күні Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің СҚО бойынша департаментінде “Ашық есік күні” өтті. Бұл күні мемлекеттік қызметке орналасу мәселелері бойынша 37 адам қабылдауда болды.

Ләйла ЖАНЫСОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Келушілердің көпшілігін 2013 жылғы 26 наурызда күшіне енген мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға енгізілген өзгертулер мен толықтыруларға байланысты сұрақтар толғандырады екен. Бүгінгі күні мемлекеттік қызметке орналасқысы келетін азаматтардың қолында тестілеуден өткендігі жөнінде сертификат болуы керек. Кеңес алуға келгендердің көпшілігінің сұрақтары да осы мәселелерге байланысты болды. Олардың сауалдарына Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің СҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Светлана Зайцева жауап берді.

– Қазір мемлекеттік қызметке орналасқысы келген әр адам баспасөз беттерінде мемлекеттік қызметшінің бос лауазымдық орындарына хабарландыру шыққанын тоспай-ақ, өзінің қалаған санатына тестілеуден өтіп қоюына болады. Бізге тестілеуден өтуге тілек білдіріп келген азаматтың өзімен бірге еңбек кітапшасы, білімі туралы дипломы және жеке куәлігі болуы міндетті. Біз құжаттардың сәйкестігін тексеріп, оларды қабылдаймыз. Содан кейін талапкердің келісімімен тестілеуден өтетін күнді белгілейміз. Ол өзі қалаған уақытта тестілеуден өтіп, сертификат алады. Заңнамаларды білетіні жөнінде берілген сертификат жыл бойына жарамды, – дейді С.Зайцева.  

Светлана Николаевнаның айтуынша, заңнамаға енгізілген өзгертулерге байланысты бұрын басшылық лауазымдарға 5 заңды білу керек болса, қазір 9 заңды және өздерінен төменгі лауазымдардың заңнамаларын білулері керек. Сонымен қатар, басшылық лауазымға өту үшін 15 сұрақтың 10-ы дұрыс болуы, ал егер бас маман мен жетекші маман лауазымына өтетін болса 15-тің 8-і дұрыс жауап болуы шарт. Тағы бір айта кетерлігі, бүгінгі күні бір мемлекеттік органнан келесіге ауысуға тыйым салынған. Ауысу бір ведомство шеңберінде ғана рұқсат етіледі.

– “Ашық есік күндерінде” облысымыздың кез келген азаматы мен мемлекеттік қызметшілері өздерін толғандырып жүрген мәселелер бойынша ақпарат немесе кеңес алуына болады, – дейді Светлана Зайцева. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp