«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАР өз қабілеттерін сынайтын сайыс

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Биыл алғаш рет елімізде мүмкіндігі шектеулі жандар мен мүгедектердің қоғамдық ұйымдары арасында “Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз” атты республикалық байқауы өткізілмек. Ондағы мақсат – мүмкіндігі шектеулі адамдардың дарыны мен талабын қоғамға таныту, жасампаздығы мен шығармашылығын жария ету, ең бастысы – өз қабілеттерін көрсеткісі келген жандарға жағдай туғызу. Осыған орай кеше облыс әкімдігінде өткен кеңесте аталмыш шараны ұйымдастыру мәселесі кеңінен талқыланды.  

Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші іріктеу кезеңі осы жылдың тамыз-қыркүйек айларында ұйымдастырылады да одан кейінгі бір жарым айдың ішінде финалдық кезең өткізіледі. Байқаудың бірінші кезеңі елдің әр өңірінде іріктеу жолымен өтеді. Ал финалдық кезеңде байқау тізгіні Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне беріледі. Сайыс жеңімпаздары мен лауреаттары Астана қаласында марапатталады.

Байқау 10 аталым бойынша өткізіледі. Олар – “Үздік әлеуметтік жоба”, “Үздік спортшы”, “Кәсібінің үздігі”, “Ақылдылар”, “Үздік студент”, “Ең тату отбасы”, “Алтын қауырсын”, “Үздік би”, “Үздік орындаушы”, “Үздік жасампаз”. Байқаудың облыстық кезеңінде “Үздік әлеуметтік жоба” және “Үздік маман” аталымдары бойынша 18 бен 45 жасқа дейінгі азаматтар өз құжаттарын тапсыра алады, ал басқа аталымдарға үміткерлердің жас көрсеткіші 6-дан 35-ке дейін. Аталмыш байқауда бағын сынағысы келетіндерден өтініш қабылдау басталып кетті.

Байқаудың облыстық деңгейін өткізу үшін ұйымдастыру комитеті құрылды. Оған облыс әкімінің орынбасары Фархад Қуанғанов төрағалық етеді. Ұйымдастыру комитеті шараның өткізілу жоспарын бекітті. Онда әр аталымға жауапты мекемелер көрсетіліп, сайыстың облыстық деңгейіндегі таңдау турының мерзімдері белгіленді. Барлық шара тамыздың 3-ші онкүндігінен басталып, қыркүйектің 2-ші онкүндігінен дейін тамамдалуға тиіс. Байқаудың қазылар алқасы республикалық деңгейге жолдама алатындардың есімдерін 26 қыркүйекте жариялайды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp