«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОБЛЫСТЫҢ ВАЛЮТА НАРЫҒЫНДАҒЫ ЖАҒДАЙ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru
Татьяна РОМАНОВА,
СҚО ҰБФ-ның бөлім басшысы.

Мамыр және маусым айларының бірінші жартысында облыстың валюта нарығында айта қаларлықтай өзгеріс бола қойған жоқ, алайда бағамның ауытқуы негізгі шетелдік валюталарға қатысы бойынша ұлттық валюта бағамының азаюына әсер етті.
Мысалы, маусым айының басында теңге/доллар жұбының арасалмағы 151,36 т./$-ды құраса, ол 20 мамырда 151,28 т./$ болды, ал мамыр айының соңында арақатынас 11,08 т./$-ды құрап, теңгенің долларға қарағанда арасалмағы 20 тиынға әлсіреді.

Еуро валютасы бағамының өсуі де ұлттық валюта бағамының төмендеуіне әкеліп соқтырды. Мысалы, мамыр айының соңында бағам 195,85 т./еуро, жаңа ай басында 196,98 т./еуро, ал 20 маусымда 202,56 т./еуро болды, сөйтіп маусым айы ішінде ұлттық ақша 5,6 теңгеге әлсіреді.
Ресей рубліне байланысты арақатынас ай бойы бірде көтеріліп, бірде төмендеді. Алайда, тұтастай алғанда, бағам іс жүзінде тұрақтылықты сақтап, маусым айының басында 4,75 т./рубль, ал 20 маусымда 4,71 т./рубльді құрады.
Облыстың айырбас қосындары сатқан валютаның көлеміне сараптама жүргізу кезінде тұрғындардың 100,5 млн. АҚШ долларын, 1464,4 млн. Ресей рублін, 9,3 млн. еуро сатып алғандығы анықталды. Өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда, сатып алу көлемі Ресей рублі бойынша – 153 пайызға, еуровалюта бойынша 114,8 пайызға өскендігін, ал АҚШ долларының көлемі 23 пайызға азайғандығын байқатты.
АҚШ доллары (76,8%) мен еуровалюта (77,2%) бойынша облыс тұрғындарының сұранымын екінші деңгейлі банктердің филиалдары қанағаттандырып отыр. Ресей рубльдерін сату бойынша негізгі қызметті жекеменшік айырбас қосындары жүзеге асырады, ол жалпы көлемнің 65,2 пайызын құрайды.
Шетел валюталарына байланысты ресми бағам бойынша ақпаратты www.nationalbank.kz. сайтынан алуға болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp