«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОБЛЫСТЫҢ ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru
Солтүстікқазақстандық өндірушілер жалпыреспубликалық сүт пен кілегей көлемінің – 20, макарон өнімдерінің – 19, мұнай- газ өңдеу жабдықтарының – 68, орталықтан тепкіш сорғылардың – 41, мұнай кәсіпшілігі жабдықтарының 39 пайызын шығарған.
Үстіміздегі жылдың қаңтар-мамырында өңдеу өнеркәсібінде шығарылған өнім көлемі 39,6 млрд. теңгені құрады немесе 2012 жылғы сәйкес кезеңіндегіден 6,1%-ға ұлғаюмен жалпы өнеркәсіптік өндіріс көлемінің 71%.
Өңдеу өнеркәсібінің айтарлықтай үлесін тамақ өнімдерін өндіру (63,2%), машина жасау (25), резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру (2,5), машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын жасау (2,2%) алады.

Облыста компьютерлер, электрондық және оптикалық өнімді жасау (2,5 есе), металлургия өнеркәсібі (2,3), жиһаз жасау (1,8), химиялық өнеркәсіп (1,6 есе), негізгі фармацефтикалық өнімдерді жасау (42,8%-ға), жеңіл өнеркәсіп (32,9), пластмасса бұйымдарын шығару өндірісі (27,5%-ға) сияқты салалар жоғары қарқынмен дамуда.
Рапс майы (1,9 есе), өңделген сүт және кілегей (1,8), құс еті (1,7), ет және тағамдық қосымша өнімдер (1,5 есе), торттар және кондитерлік өнімдер (22,1%-ға) шығарылуының ұлғаюы барлық тамақ өнімдері өндірісінің 4,7%-ға өсуіне әкелді.
Арақ-шарап өнімін шығаруды 11,4%-ға ұлғайту есебінен 2012 жылғы сәйкес кезеңіне сусындарды өндірудегі көлем өсімі 10,6%-ды құрады.
Тамақ өнімдері мен сусындардан басқа бөлу қалқандары (7,4 есе), теледидар қабылдағыштары (4), мұнай-газ өңдеу жабдықтары мен асүй жиһазы (3,4), пластмасса құбырлары мен түтіктер (2,5 есе) және тағы басқалар өткен жылғы қаңтар-мамырдағыдан артық өндірілді.

Облыстық Статистика департаменті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp