«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат депутаттарының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарына, агроқұрылымдар, кәсіпорындар басшылары мен кәсіпкерлерге ҮНДЕУІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жол-көлік инфрақұрылымын дамыту ел Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан – 2050” Стратегиясында белгіленген басым міндеттердің бірі саналады. Бұл салаға Солтүстік Қазақстан облысында да ерекше назар аударылып отыр.

Облыстың автомобиль жолдарының желісі бүгінде 9000 шақырымдай қашықтықты құрайды, оның 5200 шақырымнан астамы күрделі және орта жөндеуді қажет етеді. Барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлаушылармен өткен кездесулерінде жыл сайын облыс тұрғындары осы өзекті мәселені көтеріп келеді. Автомобиль жолдарының жағдайын жақсарту өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының басты басымдықтарының бірі болып табылады. Облыс әкімі С.С.Ескендіровтің бастамасы бойынша үстіміздегі жылы облыстық бюджеттен автомобиль жолдарын қалпына келтіруге және жөндеуге 5 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді, ол 2012 жылға қарағанда 75,3 пайызға көп. Бұл қаражат, бірінші кезекте, негізгі жолдарды қайта құруға және күрделі жөндеуден өткізуге бағытталатын болады.

Біз, облыстық мәслихаттың депутаттары, бұл маңызды мәселені шешуден сырт қалмауға тиіспіз және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын, сол сияқты агроқұрылымдар, кәсіпорындар басшылары мен кәсіпкерлерді тұрғылықты жерлерінде қанағаттандырғысыз жағдайы облыс тұрғындарының әділ ренішін тудырып отырған ауыларалық және ауданаралық жолдарды, елді мекендердің кіреберістерін қалпына келтіруге және жөндеуге белсене атсалысуға және халқадерінше көмек көрсетуге шақырамыз.

Сапалы автожолдар – экономикалық қана емес, жоғары маңызы бар әлеуметтік санат. Біздің елді мекендеріміздің болашағы, тұрғындардың әлеуметтік көңіл күйі жолдарды қалай сақтайтындығымыз бен жақсартатындығымызға байланысты.

Облыстық мәслихаттың депутаттары:
В. Коваленко, Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның “Раисовское” ЖШС директоры,
Г. Зенченко, Қызылжар ауданының “Зенченко және К” КС директоры,
А. Сапаров, М.Жұмабаев ауданының “Ноғайбай” ЖШС директоры,
С. Махметов, Айыртау ауданының “Бабық Бұрлық” ЖШС директоры,
С. Леонтьев, Петропавл қаласының “Леонтьев” ЖШС бас директоры.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp