«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨҢІР ЖАСТАРЫ “ЕСІРТКІГЕ – ЖОЛ ЖОҚ!” ДЕП ҰРАНДАТТЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бұрнағы күні Дүниежүзілік есірткімен күрес күніне орай Петропавл қаласының маңындағы Пестрое көлінің жағалауында “Дені сау ұрпақ – еліміздің ертеңі” атты акция өтті. Оған 500-ден астам өңір жастары мен облыс орталығының тұрғындары қатысты. 

“Есірткіге – жол жоқ!” деп ұрандатқан жастар ұйымдарының белсенділерін және басқа да солтүстікқазақстандықтарды акцияның өтуімен құттықтаған СҚО ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы, полиция полковнигі Мыңбай Асылбеков жыл басынан бері 58 есірткі қылмысы тіркелгенін атап өтті. Есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты 17 қылмыс пен құқық бұзушылық тіркелсе, заңсыз айналымнан 57 килограмм есірткі зат тәркіленді. Ал оның 4 килосы “ауыр” есірткі саналатын – героин.

Есірткіні тасымалдау деректерін зерттеу, ірі көлемін табу, оның ең ауыр түрі – героинді анықтау, сөйтіп, есірткі өндірушілердің жолын кесу ішкі істер органдары қызметкерлері жұмысының өзегі десек те болады. Осыған орай акция барысында қылмыскерді құрықтауға зор үлес қосып жүрген Ішкі істер департаменті жанындағы кинологиялық қызмет орталығының кинолог-инспекторлары жиналған жұртшылыққа бұйрықтарына төселіп қалған иісшіл иттерін қатыстыра отырып, көрсетілім көрсетті.  

Жиналғандарға нашақор өмірінің көлеңкелі жағы, есірткі қолдану әдетінің адамның денсаулығына, ақыл-ой және рухани дүниесіне, қоғамға тигізетін зияны жайында ақпарат берген шара қалалық өнер ұжымдарының дайындаған концерттік бағдарламасымен аяқталды.

СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp