«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ сапасын қоғамдық тексеру

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru
Жанат ЖҰМАБАЕВ,
Тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі, департамент басшысының орынбасары.

Бүгінгі таңда мемлекеттік қызмет көрсе-ту осызаманғы қоғам дамуында маңызды рөлге ие. Әкімшілік реформа жүргізу ая-сында тұрған бірінші мәселе, ол мемле-кеттік қызметтерді тұтынушылардың мүд-делері мен заңды құқықтарын сақтауды өз мүддесінен жоғары қоятын мемлекеттік басқарудың сапалы жаңа моделін құру бо-лып табылады.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасын-дағы мемлекеттік қызмет ұсыну саласын-дағы қоғамдық қатынастарды реттейтін заңнамалық база түрлі деңгейдегі норма-тивтік-құқықтық актілерде көрініс тапты. Сонымен қатар, осы саладағы қолданыс-тағы заңнамаларға талдау жасау мемле-кеттік қызмет саласында белгілі деңгейде бытыраңқылық пен бір құқықтық актілер-дің қайталанулары бар екенін және мем-лекеттік қызмет саласындағы қарым-қатынасқа қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін реттейтін бірыңғай рет-теушілік әдістің және заңнамалық құқық-тық нормалардың жоқтығын көрсетті. Бұған қоса, негізгі ұғымдарды айқындауда дәлдік жоқтығы байқалды. 
Осыған байланысты 2013 жылдың 15 сәуірінде ҚР “Мемлекеттік қызметтер туралы” Заңы қабылданды. Заң қабыл-дануы мемлекеттік қызмет көрсету мәсе-лелерін, мемлекеттік қызмет көрсету тәр-тібіне біркелкі талаптардың қамтамасыз етілуін, мемлекеттік қызмет көрсету сала-сында мемлекеттік органдардың өкілет-тігінің анық шектелуін, мемлекеттік қыз-мет көрсету процедураларының жетіл-дірілуін, соның ішінде электрондық фор-матта көрсетілетіндерін де реттеді. Заң аясында мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы бірқатар концептуалдық мәселелер шешілді. Атап айтсақ: “мемле-кеттік қызмет” ұғымына жаңа анықтама берілді, тұтынушылардың мемлекеттік қызметті тегіс қамти алатын кешенді құқықтары заңнамамен регламенттелді, мемлекеттік қызмет ұсынудың заңнамада қарастырылған тәртібін бұзғандығы үшін мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне тікелей қатысушы қызметшілердің әрекет-теріне (әрекетсіздіктеріне) тәртіптік жауапкершілік енгізу бойынша нормалар қарастырылды.
Жалпы алғанда, заң мемлекеттік қыз-мет көрсету кезінде мемлекеттік орган-дардың, олардың ведомстволарына қарасты ұйымдардың, басқа да заңды және жеке тұлғалардың жауапкерші-ліктерін арттыру мен үйлестіру әрекетте-рін қамтамасыз ететін мемлекеттік қызмет саласындағы әрекеттерді реттейтін, тиіс-ті нормативтік-құқықтық базаны құруға бағытталған.
Мемлекеттік қызмет алушылардың то-лық және сенімді ақпарат алуға құқық-тары мен міндеттері заңмен қарасты-рылған. Қызмет көрсету уақтылы немесе сапалы жүргізілмеген, я болмаса қызмет көрсетілмеген жағдайда, қызмет сапа-сына наразы заңды немесе жеке тұлға қызмет көрсетуші нысанға немесе жоға-ры тұрған органға, болмаса мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау мен бағалау жөніндегі уәкілетті органға нара-зылық білдіре алады. Егер қызметкер тарапынан қателік жіберілсе, тәртіптік жауапкершілік қарастырылады. Бұған қоса, мемлекеттік қызмет алушы үкіметтік емес ұйымдарға жүгінуге құқылы.
Жыл сайын ҚР Президентінің “Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы” Жарлығын жүзеге асыру мақса-тында агенттік мемлекеттік қызмет көр-сету бойынша мемлекеттік органдардың қызметінің тиімділігін бағалау өткізіп тұра-ды. 2013 жылы агенттіктің тапсырмасы бойынша департамент 71 тексеру жүргіз-ді, соның ішінде 61-і – облыстың жергілікті атқару органдарында және 10-ы – аумақ-тық органдарда, тағы біреуі азаматтар-дың өтініші бойынша өтті. Тексеру бары-сында 31 бұзушылық анықталды, нәти-жесінде бұзушылық жіберген 7 қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Тұрғындармен кері байланыс орнату үшін Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің СҚО бойынша департаменті басшысының бұйрығымен 2013 жылғы 7 маусымда мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша үкіметтік емес ұйымдармен, жеке тұлғалармен өзара ынтымақтастық жөнінде Қоғамдық кеңес құрылды. Оның құрамына біздің депар-таменттің Экономика және бюджеттік жос-парлау басқармасының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, депутаттар, БАҚ өкілдері енгізілді. Оның қызметінің мақса-ты – мемлекеттік органдар, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдар, қоғам қайрат-керлері мен еліміздің тұрғындарының кү-шін мемлекеттік қызметтің қолжетімділігі мен сапасын бақылауды қамтамасыз етуге жұмылдыру болып табылады.
Бұл ең алдымен мемлекеттік қызметті тікелей пайдаланатын азаматтар пікірін ескеруге көмектесетініне, жариялылықты арттырып, сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендететініне сенімдіміз.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp