«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тағайындаулар

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңір басшысы Самат Ескендіровтің өкімімен Еркебұлан Сайынұлы Каменов Қызылжар ауданының әкімі болып тағайындалды.

Е.С.Каменов 1976 жылы туған, Павлодар мемлекеттік университетін бітірген, мамандығы бойынша экономист-менеджер.

Бұған дейін Павлодар қаласындағы өңіраралық байланыс жөніндегі “Ай-Су” АҚ-да бөлім менеджері, Астана қаласындағы “Ай-Су-Базис” ЖШС-нің атқарушы директоры, Павлодар қаласындағы “Горводоканал” су босату басқармасы бастығының орынбасары, “Теплоцентр” ЖШС-нің инженері, Астана қаласындағы “Канатекс” ЖШС-нің директоры, “Мотив-Елім” ЖШС-нің инженері, “Мотив NC” ЖШС-нің коммерциялық директоры болып қызмет істеді, Ақмола облысы Щучье ауданы кәсіпкерлік бөлімінің бастығы болды.

Осыған дейін соңғы 4 жыл бойы Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

 * * *

 

Өңір басшысы Самат Ескендіровтің өкімімен Қайрат Қабдоллаұлы Қасенов Аққайың ауданының әкімі болып тағайындалды.

Қ.Қ.Қасенов 1968 жылы туған, С.Сейфуллин атындағы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын, Ақмола аграрлық университетін ауыл шаруашылығын механикландыру, АӨК кәсіпорындарының менеджменті мамандықтары бойынша тамамдаған.

Еңбек жолын “Ақмола нан өнімдері” комбинатында жетекші инженер болып бастады.

Ақмола қаласында “SBK” ЖШС-нің менеджері, Ақмола облысының Ауыл шаруашылығы департаменті маркетинг бөлімінің бастығы, Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі комитеттің жетекші маманы, “Экспорт астық-Ақмола” ЖШС бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, бастығы, директорының орынбасары, Астана қаласындағы “Қазақсельмаш” корпорациясы бас директорының орынбасары, Көлік және коммуникация министрлігі Көлік инфрақұрылымын дамыту комитеті Ақмола облыстық басқармасы бастығының орынбасары, Астана қаласындағы “Мал өнімдері корпорациясы” АҚ Президентінің кеңесшісі қызметтерін атқарған. Астана қаласындағы “Теріэкспорт” ЖШС-нің құрылтайшысы болған.

Жаңа тағайындауға дейін Тимирязев ауданының әкімі қызметін атқарды.

* * * 

Өңір басшысы Самат Ескендіровтің өкімімен Марат Иманбайұлы Тасмағанбетов Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның әкімі болып тағайындалды.

М.И.Тасмағанбетов 1971 жылы туған, Көкшетау ауыл шаруашылығы институтын, Алматы экономика және статистика институтын ғалым агроном, экономист мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын “Привольное” кеңшарында бригада есепшісі болып бастаған. “Западное” кеңшарында агроном, тұқым шаруашылығының агрономы, бас агроном, “Западное-Қазақстан” ЖШС директоры, Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның “Вест” ЖШС директоры қыметтерін атқарған.

Осы уақытқа дейін Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның әкімі болып істеді.

* * * 

 

 

 

Өңір басшысы Самат Ескендіровтің өкімімен Қайрат Сәкенұлы Пішенбаевты М.Жұмабаев ауданының әкімі етіп тағайындады.

Қ.С.Пішенбаев 1961 жылы туған, Алматы халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша тамамдаған, Солтүстік Қазақстан облысының Возвышен ауданындағы “Молодогвардейское” кеңшары қырманының моторисі, шаруашылық есеп бойынша экономисі, бригадирдің көмекшісі, комсомол ұйымының хатшысы, “Казводстройматериалы” кәсіпорнының инженері, “ҚазКСР Мемлекеттік жабдықтау комитеті “Қазсыртқыайырбас” мекемесі коммерциялық бөлімінің маманы, бастығы, “Қазсыртқы-контракт” өндірістік-коммерциялық бөлімшесінің бастығы, коммерциялық бөлімнің бас маманы, “Бизнес-банк” бөлімінің маманы, Алматы қаласындағы “Мақсат” фирмасының коммерциялық директоры, Алматы қаласындағы “Азық-түлік келісімшарт корпорациясы” бөлімінің бас маманы, бөлім бастығының орынбасары, бастығы, Астана қаласындағы “Азық-түлік келісімшарт корпорациясы” бөлімінің бастығы, Солтүстік Қазақстан облысының Ғ.Мүсірепов атындағы ауданының Новоишимка ауылындағы “Азық-түлік келісімшарт корпорациясы” өкілдігінің “2-астық базасы” директоры, Ақжар және Қызылжар аудандарының әкімі, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі қызметтерін атқарған.

Осыған дейін “Нұр Отан” ХДП ОФ төрағасының бірінші орынбасары болып істеді.

 * **

Өңір басшысы Самат Ескендіровтің өкімімен Марат Қосылұлы Омаров Шал ақын ауданының әкімі болып тағайындалды. М.Қ.Омаров 1963 жылы туған, Қазақ политехникалық институтын бітірген, мамандығы бойынша инженер-механик. Еңбек жолын Куйбышев атындағы зауытта техникалық бюро шебері болып бастады. Осы зауыттың директорының орынбасары, цех бастығы, бөлімнің жетекші инженері болып қызмет атқарды. Облыстық өнеркәсіп, көлік және коммуникация, сауда және тұрмыстық қызмет көрсету департаменттерінде жетекші, бас маман, бөлім бастығы, жолаушылар тасымалдау басқармасында бөлім бастығы, тұрғын үй құрылысы, сәулет және аумақтарда құрылыс салу департаменті бөлімінің бастығы, өнеркәсіп, көлік және коммуникация, сауда және тұрмыстық қызмет көрсету департаментінде бастықтың орынбасары, бастықтың міндетін атқарушы, “Кәсіпорындарды қайта құру және тарату жөніндегі агенттік” АҚ филиалында бөлім бастығы, директордың орынбасары, ҚР Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті басқармасы бастығының орынбасары, бастығы. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің директоры, “Мұнай-газ қондырғылары конструкторлық бюросы” ЖШС-нің директоры болып қызмет атқарды. Осыған дейін Шал ақын ауданының әкімі болып қызмет атқарды.

 * ** 

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Самат Ескендіровтің өкімімен Владимир Степанович Бубенко Мамлют ауданының әкімі болып тағайындалды.

В.С.Бубенко 1954 жылы туған, Целиноград ауыл шаруашылығы институтын инженер-механик мамандығы бойынша тамамдаған.

Еңбек жолын Калинин атындағы кеңшарда аға диспетчер болып бастады. “Молодежный” кеңшарында машина-трактор шеберханасының меңгерушісі, бас инженер, Булаев аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, “Медвеженский” кеңшарында бас инженер, Соколов аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бас инженері, ААӨБ төрағасының орынбасары, төрағасы, МТС базасының басқарушысы, Соколов ауданы әкімшілігі басшысының орынбасары, Соколов ауданы әкімінің бірінші орынбасары, Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары, әкімі, Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары департаменті бастығының бірінші орынбасары, Есіл ауданының әкімі болып жұмыс істеді.

Осы күнге дейін Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі қызметін атқарды.

  * **

Өңір басшысы Самат Ескендіровтің өкімімен Еркін Сейілханұлы Базарханов Тимирязев ауданының әкімі болып тайындалды.

Е.С.Базарханов 1972 жылы туған, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін, “Тұран” университетін тарих және қоғамтану пәнінің оқытушысы, заңгер мамандықтары бойынша бітірген. “Самал” ШК директоры, “Комбикорм Астық” АҚ бас директорының орынбасары, Алматы облысындағы “Үйген авто-техқызмет көрсету” ЖШС-нің коммерциялық директоры болып еңбек еткен, Солтүстік Қазақстан облыстық қаржы полициясы органдарында қызмет атқарған.

Осыған дейін Ақмола облысындағы Бурабай ауданы әкімінің орынбасары болып істеді.

 * **

 

 

 

Өңір басшысы Самат Ескендіровтің өкімімен Мұратбек Жапасұлы Әбішев Есіл ауданының әкімі болып тағайындалды.

М.Ж.Әбішев 1965 жылы туған, Целиноград ауыл шаруашылығы институтын бітірген, мамандығы бойынша ғалым-агроном.

Торғай облысы Есіл ауданы Қаракөл кеңшарында учаскелік агроном, агроном-агрохимик, Алматы әскери кеңшарының №2 бөлімшесінде бригадир, Алматы облысындағы мемлекеттік жылжымалы механикаландырылған “Темп” құрылыс фирмасында тас қашаушы, Қостанай облысы Октябрь ауданы Ушаков атындағы кеңшарда тұқым өсіруші-агроном, кеңшар директорының орынбсары, Торғай облысы Державин ауданы Ұжымдық ауыл шаруашылығы кәсіпорнының төрағасы, Гастелло атындағы “Кен-М” ЖШС-нің директоры, Қостанай облысы Қарасу ауданы “Жасыбай-Инвест” ЖШС ауыл шаруашылығы бөлімі бастығының орынбасары, Қостанай облысы Алтынсарин ауданы “Жанабек” ЖШС-нің “ОТИ-2010” ЖШС-нің, директоры, Қарасу ауданы “Қараман-К” ЖШС-нің директоры, Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімінің бірінші орынбасары болып істеген.

Осыған дейін Ақмола облысы Есіл ауданы Есіл қаласының әкімі болып қызмет атқарды.

 * **

Өңір басшысы Самат Ескендіровтің өкімімен Орал Қабиұлы Қаппасов Жамбыл ауданының әкімі болып тағайындалды.

О.Қ.Қаппасов 1974 жылы туған, орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі, заңгер, мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары бойынша Көкшетау педагогикалық институтын, Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін тамамдаған.

Еңбек жолын Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Қайранкөл мектебінде орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі болып бастаған.

Астана қаласындағы №28 орта мектепте орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, №9 гимназияның орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Қарағанды облысындағы Осакаровка ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадрлық жұмыс бөлімінің бастығы, ішкі саясат бөлімінің бастығы, Осакаровка ауданының әкімі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің бас консультанты, бас инспекторы, Солтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасының бастығы қызметтерін атқарған.

Бүгінгі күнге дейін Қызылжар ауданының әкімі болып еңбек етті.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp