Өңір басшысы Самат Ескендіровтің өкімімен Серік Төлеуұлы Салтықов Тайынша ауданының әкімі болып тағайындалды.
С. Т. Салтықов 1971 жылы туған, Новороссийск университетін, “КИМЭП” университетін, Шеффилд университетін механика, қолданбалы математика бакалавры, менеджмент және экономика магистрі, қаржы мамандықтары бойынша тамамдаған.
“Цветавтоматика Балқаш” кәсіпорнының бағдарламашысы, Балқаш қаласындағы “Алаис Л” ЖШС зымыран агенттігінің директоры, Алматы қаласындағы “Зенека Интернешнл Лимитед” өкілдігінің басшысы, “Сингента Қазақстан” ЖШС сату бөлімінің басшысы, Оңтүстік Африка Республикасындағы Сингента Соуз Африка Пти директорының маркетинг жөніндегі орынбасары, Алматы қаласындағы “Сингета Қазақстан” ЖШС сату бөлімінің басшысы болып жұмыс істеген.
Осыған дейін Алматы қаласындағы “Сингета Қазақстан” ЖШС басқармасының төрағасы болып қызмет етті.
* * *
Өңір басшысы Самат Ескендіровтің өкімімен Аман Жақсыбайұлы Төрегелдин Уәлиханов ауданының әкімі болып тағайындалды.
А. Ж. Төрегелдин 1975 жылы туған, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетін, “Фемида” Қарағанды заң академиясының Көкшетау филиалын экономика, юриспруденция мамандықтары бойынша тамамдаған.
Көкшетау қаласындағы “Асар” БК “Трансис” сауда үйі маркетинг бөлімінің инженері, “БТА” ЖАҚ Көкшетау филиалының инкассаторы, жеке кәсіпкер, Айыртау ауданы Салық комитетінің жетекші маманы, бас маманы, Астана қаласындағы ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы, Атырау облысы бойынша Салық департаменті бастығының орынбасары, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген.
Бүгінгі күнге дейін Петропавл қаласындағы “Төрегелдин және Серіктестер” салық агенттігі” ЖШС директоры болып қызмет етті.
* * *
Өңір басшысы Самат Ескендіровтің өкімімен Мұхит Сексенбайұлы Тұрысбеков Ақжар ауданының әкімі болып тағайындалды.
М. С. Тұрысбеков 1967 жылы туған, Қазақ химия-технология институтын және “Қайнар” университетін құрылысшы-инженер, шет тілін меңгерген халықаралық экономикалық қатынастар жөніндегі маман мамандықтары бойынша тамамдаған.
“Шымкентарнайыауылқұрылыс” кәсіпорнының монтажнигі, Оңтүстік Қазақстан аумақтық мемлекеттік мүлік комитетінің жетекші маманы, экономисі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік комитетінің бөлім бастығы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Жекешелендіру жөніндегі аумақтық комитетінің бөлім бастығы, басқармасы бастығының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан аумақтық Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің бас маманы, бөлім бастығы, төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің “Оңтүстік” өңіраралық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті бастығының орынбасары болып жұмыс істеген.
Бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы болып жұмыс істеді.
* * *
Өңір басшысы Самат Ескендіровтің өкімімен Ағзам Ахметжанұлы Тастеміров Айыртау ауданының әкімі болып тағайындалды.
А. А. Тастеміров 1958 жылы туған, Алматы саясаттану және басқару институтын, Алматы экономика және статистика институтын әлеуметтік-саяси пәндер оқытушысы, экономист мамандықтары бойынша тамамдаған.
Еңбек жолын Ленинград аудандық партия комитетінің партиялық ұйымдастырушысы болып бастады. Көкшетау облысы Ленинград ауылдық кеңесі төрағасының орынбасары, Ленинград ауылдық әкімшілігі басшысының орынбасары, әлеуметтік қорғау бөлімінің бастығы, Ленинград ауылдық округі әкімінің орынбасары, ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы, Ақжар ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.
Осыған дейін Ақжар ауданының әкімі болып қызмет етті.