«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАС НАТУРАЛИСТЕР БІЛІМДЕРІН СЫНАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жуырда Петропавл қаласындағы жас натуралистер станциясында облыстық жас табиғат жанашырларының слеті өтті. Оған қатысқан 18 құраманың оны – қала, ал сегізі аудан мектептерінің оқушыларынан жасақталды. 

Ғалым ТЕМІРБЕКОВ,

жас натуралистер

станциясының директоры.

Жас буынға экологиялық білім берудегі мекемелердің рөлін арттыруды, оқушылардың танымдылық және шығармашылық белсенділіктерін дамытуды, жастарды қоршаған ортаны қорғауға тартуды мақсат еткен шарада облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Қанат Омаров жас натуралистерге сәттілік тіледі.  

Түрлі экологиялық ойындар мен сұрақтар ұйымдастырылған шара барысында үш кезеңде бақтарын сынаған оқушылар экологиялық білімдерін шыңдай түсті. Сайыстың бірінші кезеңінде жас натуралистер өздерін таныстырса, екіншісінде қатысушылардың білімдері таразыланды. Ал ең соңында үміткерлер зерттеу жұмыстарын қорғады.  

Слетке қатысушылар алдында өздерінің экологиялық шараларға қатысу қажеттілігін сезіну және алған экологиялық білімдері мен біліктіліктерін жүзеге асыру міндеттері қойылған болатын. Оқушылар бұл тапсырмаларды талапқа сай орындады. Атап айтқанда, Есіл ауданындағы Покровка, Шал ақын ауданының Ақан-Барақ, Тайынша ауданының №43 орта мектептерінің құрамалары біліктіліктерімен танылып, слеттің көзайымына айналды.

Жарты күнге созылған шараның барысында, Есіл ауданының Покровка орта мектебінің құрамасы үшін таныстыру сыны сәтті болып, бірінші кезеңде жеңімпаз атанды. “Реферат” аталымында бұл сынға мықты дайындалып келген Петропавл қаласының №43 мектебінің оқушылары Мария Свитова, Никита Какора мен Қайрат Мунтиновтің облыс орталығының экологиясын зерттеу жобалары үздік деп танылды. Ал практикалық тестілеуде қалалық №8 орта мектептің табиғат жанашырлары Евгения Кошкарова, Милана Михайлиди, Зарина Абуталимова мен Олеся Лещук алға суырылып шықты.

Облыстық слет қорытындысы бойынша барлық жеңімпаздар мен олардың ұстаздарына грамоталар мен естелік сыйлықтар табысталды.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp