«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ХАЛЫҚ ЖУРНАЛИСІ” және БАСҚА ҮЗДІКТЕР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орай жергілікті БАҚ өкілдерін “Қазақстан Журналистер одағы” ҚБ-нің облыстық филиалы құттықтады. Бүгінде аталмыш қоғамдық ұйымға өңірдің 200-ге тарта журналисі мүше болып табылады.

Гүлбану АХМЕТОВА,

журналист.

БАҚ өкілдерінің кәсіби мерекесі күні Қазақстан Журналистер одағының жергілікті өкілдігі ұйымдастырған салтанатты шарада “Халық журналисі” анықталды. Бұл атаққа Қазақстан Журналистер одағы облыстық филиалының сайтында жарияланған байқауда ең көп дауыс жинаған 7-ші арнаның меншікті тілшісі Ольга Витукевич лайық деп танылды. Ал “Квартал” газетінің шеф-редакторы Зәуре Жұмалиева 2013 жылдың үздік журналисі атанса, облыстық “Северный Казахстан” газетінің бөлім редакторы Николай Дроздецкийге “Қазақстанның Құрметті журналисі” атағы берілді. Салтанатты шара барысында БАҚ өкілдерімен қоян-қолтық жұмыс істейтін мекемелердің баспасөз хатшыларының да еңбектері елеусіз қалмады.

Журналистерді марапаттау салтанаты облыстық Журналистер одағы кеңесі мен оның төрағасын сайлаумен аяқталды. 13 жергілікті БАҚ өкілдерінен құрылған кеңестің төрағасы болып “Қазақстан-Петропавл” телеарнасының директоры Ерлан Тоқшылық сайланды.

Суретті түсірген Вадим МУДАРИСОВ.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp