«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“АСТАНА” КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru
2 шілдеде Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада Астананың 15 жылдығына орай “Астана” атты жинақтың тұсауы кесілді деп хабарлады “ҚазАқпарат” агенттігі.
Жинаққа “Егемен Қазақстан” газетінде 1994 жылдан бері жарық көрген мақалалар, сұхбаттар мен өлеңдер топтастырылған. Онда Ә.Кекілбаев, М.Жолдасбеков, Қ.Тоқаев, Қ.Сұлтанов, М.Қасымбеков, О.Мұхамеджанов және басқа да елімізге белгілі қайраткерлердің естелік-эсселері, сондай-ақ Х.Әбжан, А.Смайыл, Н.Оразалин, Қ.Тәукенов сияқты тарихшылар мен қаламгерлердің зерттеу еңбектері бар.
Жинақ тарауларында хронологиялық тәртіппен орналастырылған түрлі жанрдағы туындылардың оқырмандарға берер дерегі мол, айтары көп. Кітап 1000 таралыммен басылып шығып, еліміздің кітапханаларына үлестірілмек.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp