«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҢА БАСШЫЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Дүйсенбі күні өңір басшысы Самат Ескендіров жаңадан тағайындалған 7 басқарманың басшылары мен басшы міндетін атқарушыларды облыс активіне таныстырды.

Арайлым СМАҒҰЛОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Олар – Құрылыс басқармасының басшысы Саят Әшімов, Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серікбай Тұралинов, Ішкі саясат басқармасының басшысы Салауат Мұқсимов, Дін істері жөніндегі басқарманың басшысы Мұратбек Зейнуллин, жаңадан құрылған Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Амантай Сейфуллин, облыстық атқарушы орган болып қайта құрылған Балалар құқығын қорғау жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы Тотыкамал Құлжанова және бұрынғы екі мемлекеттік атқарушы органның құзыреттілігі біріктірілген Мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Рүстем Елубаев.  

* * *

Кеше облыс әкімдігінде СҚО Тексеру комиссиясының төрағасы мен жаңа құрылған Кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы таныстырылды.

Өңірімізде жаңа құрылған Кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып Бауыржан Қайыржанов тағайындалды. Ол осыған дейін Бескөл ауылдық округінің әкімі болып қызмет етіп келген.

Ал облыстық мәслихат сессиясының шешімімен облыстың Тексеру комиссиясының төрағасы болып Дулат Едрисов тағайындалған.

Облыс әкімі жаңа басшыларға жауапты қызметтерінде табыс тіледі.

Суреттерді түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp