«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“МАҚСАТЫМ – ҚАЗІРГІ ҚОҒАМҒА САЙ ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУ”

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Асхат Ахманов – Мағжан Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжі жанындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейдің тарих және қоғамдық білім негіздері пәндерінің мұғалімі. Ұстаз “Тарих және қоғамдық білім негіздері сабақтарында оқытудың белсенді әдістері арқылы оқушының азаматтық көз-қарасын дамыту” мәселесі бойынша жұмыс істейді. Ондағы мақсаты – оқушылардың заман талабына қарай білім мен тәрбие алуын жан-жақты қамтамасыз ете отырып, қазіргі қоғамға сай тұлға қалыптастыру.

Еңбек ете бастағанына 5 жылдан жаңа асқан жас маман өзінің білгенін алдындағы оқушысына үйретуден жалыққан емес. Әр сабағына мұқият дайындалатын ұстаздың еңбегін оның оқушыларының жетістіктерінен байқауға болады. Шәкірттері Асхат Кәрімұлының сабақтарынан өтетін қалалық, облыстық олимпиадаларда әрқашан жүлделі орындардан көрініп жүр. Оқушыларды құқық негіздері пәні бойынша қалалық оқушылар олимпиадасына сапалы даярлағаны және білім беру жүйесіндегі шығармашылық еңбегі үшін Асхат Ахманов қалалық білім бөлімі тарапынан бірнеше мәрте марапаттауға ие болды.

Асхат Кәрімұлы ұлттық тестілеу орталығының мүшесі, тест сұрақтарын әзірлеуші, Қазақстан тарихы және дүниежүзі тарихы пәндерінен апелляцияларды қарау жөніндегі республикалық комиссияның мүшесі.

Ол мектеп-лицейдің қоғамдық өміріне де белсене араласады. 2013 жылы жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында өткен қалалық Қожаберген оқуында Мағжан Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжі жанындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейдің оқушыларынан құрылған “Жас Мағжандар” тобы ІІ орынға ие болды. Бұл топқа тарих және қоғамдық білім негіздері пәндерінің мұғалімі Асхат Ахманов жетекшілік етеді.

“Мұғалім ұрпақ болашағы үшін үздіксіз шығармашылық ізденісте болуы қажет”, – деп есептейтін жас маман Асхат Ахмановтың білім беру жүйесіндегі алар асулары әлі алда.

Ләйла ЖАНЫСОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суретті түсірген:

Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp