Маусымның 22-сі мен 30-ы күндері аралығында Ташкент қаласында армрестлингтен Азия чемпионаты өтті. 350 спортшы бағын сынады. Солтүстік Қазақстан облысының намысын “Қарасай” олимпиадалық емес спорт түрлерінен жоғары спорт шеберлігі мектебінің тәрбиеленушілері қорғады.
Абсолютті салмақ дәрежесінде әйелдер арасында Виктория Фролова жеңіске жетіп, халықаралық спорт шебері нормативін орындады. Юниорлар арасында спорт шебері Алексей Баталов жеңімпаз атанды. Ол мүмкіндігін 80 кило дәрежесінде көрсетті.
Облыстық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.