«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жемқорлық құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу және ескерту мақсатында

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бүгінгі күні біздің республикамызда барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар заңға сәйкес өз әлеуеті аясында сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізеді. Мемлекеттік сыбайлас жемқорлықпен күрес бағдарламасында да жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму, нарықтық экономика құру, инвестиция тарту барысын тежеп, демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер етеді және еліміздің болашақта дамуына айта қаларлықтай қауіп төндіреді деп атап айтылған.

Жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу және ескерту мақсатында облыстық Салық департаментінде мынадай шаралар жүзеге асырылып жатыр:

1. 2013-2015 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жоспары әзірленген.

2. Сыбайлас жемқорлықпен күрес және қызмет әдебін сақтау мәселелері жөнінде комиссия құрылған.

3. Бас прокуратура жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің облыстық басқармасында салық органдары қызметкерлерінің жемқорлық құқық бұзушылық пен қылмыс жасау фактілері бойынша ай сайын салыстырып тексеру жүргізіледі.

4. ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің облыстық басқармасы мен ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитетіне тоқсан сайын жемқорлық құқық бұзушылық жасаған мемлекеттік қызметшінің әкімшілік тәртіптік ісін қарау жөніндегі Тәртіптік кеңестің жұмысы және мемлекеттік қызметшілер туралы БАҚ-та жарияланған келеңсіз материалдардың жариялануына байланысты қолданылған шаралар, сол сияқты жемқорлықтың орын алу фактілері туралы ақпарат беріледі.

5. Департамент басшысының, басшы орынбасарының, сол сияқты аумақтық Салық басқармалары басшыларының азаматтарды қабылдау кестесі әзірленген.

Биылғы 1 маусымға дейін облыстық Салық департаменті және аумақтық Салық басқармасы қызметкерлері тарапынан жемқорлық құқық бұзушылық фактілері тіркелген жоқ.

Салық департаменті және аумақтық Салық басқармасы ғимараттарында сенім телефондары жұмыс істейді және арыздар мен өтініштерге арналған пошта жәшігі қойылған. Телефон нөмірлері жайындағы мәлімет пен салық төлеушілерді қабылдау кестесі тұрғындарға жүйелі түрде БАҚ арқылы хабарланып тұрады.

Жыл басынан бергі 5 ай ішінде облыстық Салық департаментінің және аудандық Салық басқармаларының лауазымды тұлғаларының іс-әрекеті (әрекетсіздігі) жайында сенім телефонына ақпарат түскен жоқ.

Облыстың барлық салық органдарында салық төлеушілерді қабылдау қатаң түрде ақпаратты қабылдау және өңдеу жөніндегі арнайы бөлінген орталықтарда жүргізіледі.

Қызметкерлердің салықтық және әкімшілік заңнаманы, сол сияқты еңбек және орындау тәртібін сақтауы тұрақты бақылауға алынған.

2013 жылғы 5 айдың қорытындысы бойынша Салық департаменті мен 14 аумақтық Салық басқармасы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған 509 шара (35 тексеріс, 1 лекция, 134 семинар, 45 “дөңгелек үстел”, БАҚ пен теледидарда 72 хабар, 222 техникалық оқу) өткізді.

Сонымен бірге Салық департаменті тұрақты түрде салық заңнамасында белгіленгендей, жыл сайын өзінің кірісі мен мүлкі туралы декларация беретін мемлекеттік қызмет атқаратын тұлғалар мен олардың жұбайларының қаржылық бақылау тәртібін бұзу фактілерін анықтау бойынша шаралар өткізеді.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 532-бабы бойынша кіріс, мүлік және басқа да мәліметтер туралы декларацияны уақытында бермегені үшін салық органдары қылмыстық іс қозғап, 4 әкімшілік материал соттың қарауына жөнелтілді. Оның 1 материалы бойынша сомасы 173,1 мың теңге көлемінде айыппұл салу туралы сот қаулы шығарды, 1 іс (аз ғана құқық бұзушылыққа байланысты) тоқтатылды, 2 материал сот қарауында жатыр.

СҚО Салық департаменті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp