«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КЕДЕН ОДАҒЫ ШЕҢБЕРІНДЕ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

2009 жылы 27 қарашада Минскіде Қазақстан, Ресей және Беларусь Президенттері Кеден одағын құру туралы құжатқа қол қойды, ол 2010 жылы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

Кеден одағының басты мақсаты – Бірыңғай экономикалық кеңістік құру.

2010 жылғы 1 шілдеден бастап салық органдарының Кеден одағы аясында салық өндіріп алуы тауарлардың экспорт және импорт кезіндегі төлемі үшін жанама салықтарды өндіріп алу тәртібі және бақылау тетігі туралы хаттамаға және Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 37-тарауына сәйкес жүргізіледі.

 

Кеден одағы аясында тауар, оның ішінде акцизделуге жататын тауарлар, атап айтқанда, жанар-жағармай материалдары, арақ-шарап өнімдері, жеке қолдануы үшін тауар импорттайтын, жеке кәсіпкер саналмайтын жеке тұлғалардан басқа, Кеден одағына мүше мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасы аумағына әкелінетін көлік импорттайтын, барлық тұлғалар ҚҚС-ын (қосымша құн салығы) төлеушілер болып саналатындығын атап айту керек.

Бұл жағдайда тауарларды импорттау бойынша ҚҚС-ын төлеу жөнінде салықтық міндеттеме ҚҚС бойынша есепке алынуға жататын куәлігі бар, ҚҚС бойынша тіркелу есебінде тұрған тұлғаларға ғана емес, ҚҚС бойынша куәлігі жоқ тұлғаларға да қатысты болады. Бұл жағдайда соңғыларға ҚҚС бойынша тіркелім есебіне тұру туралы өтініш беру міндетті емес.

Егер жеке тұлға мемлекеттік өкілетті органдарда тіркелуге жататын көлік импорттайтын болса, онда ол Кеден одағында импортқа ҚҚС-ын міндеттелген тәртіпте төлеуге тиіс.

Кеден одағында тауарлар әкелуді растайтын құжат тауарлар әкелу және жанама салықтар төлеу туралы өтініш, сол сияқты импортталған тауарлар бойынша жанама салық жөніндегі декларация болып табылады, оны салық төлеуші импортталған тауарлар есебіне қабылданатын айға қарай, айдың 20-сы күнінен қалдырмай, тіркелу есебіне қойылатын мекенжай бойынша салық органына өзі табыс етеді. Бұл жағдайда салық кезеңі болып күнтізбелік ай есептеледі.

Құжаттар пакеті (шекара қызметінен өту талондары, фактура шоттары, сатып алу-сату келісімшарты, тауарлы көліктің жүкқұжаты және басқалар) декларациямен және өтінішпен бірге беріледі.

Декларация мен өтініш электронды түрде, сонымен бірге жазбаша да тапсырылады. Бұл құжаттар бір-бірінен ажырағысыз.

Өтініш пен декларация үлгілері, сол сияқты оларды толтыру Салық комитетінің (www.salyk.gov.kz) сайтында орналастырылған, ақпарат жүйелерінде салық төлеушілер оны өз жұмысында пайдалана алады.

Салық декларациясын бермеу немесе мерзімін бұзып беру, импортталған тауарлар бойынша жанама салықты төлемеу немесе толық төлемеу фактілері анықталған жағдайда салық органы жанама салық пен өсімақыны ҚР заңнамасында белгіленген тәртіпте және көлемде өндіріп алады. Сол сияқты салық заңнамасында белгіленген қосымша салықты, өсімақы мен жауапкершілік шараларын төлеу бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету жолдарын қолданады.

СҚО Салық департаменті.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp