«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МҰХАМЕД – МАҚТАНЫШЫМЫЗ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бүгінгі таңдағы ең маңызды мәселелердің бірі ұлтымыздың мәдени және рухани дәрежесін өз биігінен көрсете алатындай сегіз қырлы, бір сырлы, әлемдік бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру екендігі мәлім.

Осы ретте біздің үкілеген үміттеріміздің бірі – Дәуқара орта мектебінің биылғы түлегі, өнер мен білім саласында өңір намысын қорғап жүрген Мұхамед Қоңқаев. Ол аталмыш мектептің тәлімгер-ұстазы Қасым Нұрғалиұлының ақындық мектебінен тәлім-тәрбие алып өсті. Ақындықтың қыр-сырын өзі де терең меңгерген, облыс, республика көлеміне танымал ақын-ұстаз Мұхамедті бастауыш сыныптан бастап ақындық әліппесімен таныстырып, шәкіртінің бойына ұлттық өнер нәрін сіңіруге тырысты. Талабын ұштап, таланттың көзін ашты. Арғы аталары Орынбай Бертағыұлының айтыскерлік жолын жалғастыруға жәрдемін аямады. Нәтижесінде Мұхамед те ұстазы көрсеткен ақындық дәрежеден көріне білді, өзіндік бағыт-бағдар таңдауды үйренді. Аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық деңгейлерден көріне біліп, жүлделі орындар иемденіп, өңіріміздің намысын қорғауы – Мұхамедтің дарындылығының дәлелі. Атап айтсақ, Мұхамед 2009 жылы V облыстық Мағжан оқуында – I орын, X облыстық Абай оқуында II орын алды. 2010 жылы VI облыстық Мағжан оқуында – I орын, С.Мұқановтың 110 жылдығына орай өткізілген ақындар айтысында “Ең жас айтыскер ақын” жүлдесін иеленгені үшін диплом, қасиетті Мәуліт айы қарсаңында оқушылар арасындағы шығармалар байқауында жүлделі III орын иегері.

2011 жылы “Жас ақындар айтысы” облыстық байқауы бас жүлдесінің, II республикалық Махамбет оқуында – III орын, аймақтық Мағжан оқуында бас жүлде, II республикалық Махамбет оқуында II орын иегері атанды.  

2013 жылы Ақан серінің 170 жылдығына орай өткізілген аймақтық жас ақындар айтысына қатысқаны үшін – Алғыс хат, “Қош келдің, әз-Наурыз!” облыстық ақындар айтысында III орын, облыстық Махамбет оқуында – II орын, “Жарқын болашақ” KATEV олимпиадасының облыстық кезеңінде – I орын, республикалық кезеңінде “Жеңіс жолындағы жігері үшін” аталымының иегері, Мағжан Жұмабаевтың 120 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған республикалық Мағжан оқуының II орын иегері, жақында Өскемен қаласында өткізілген қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен Қанипа Бітібаева атындағы халықаралық олимпиадада I орынды иеленді.

Мұхамед болашақта қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі болып, ұстазы Қасым Нұрғалиұлы секілді ана тіліміздің жанашыры болу үшін шешендік сөз бен ақындық өнердің қыры мен сырын терең игермекші. Айтыскерлік дәстүрімізді жалғастырып, алдағы талай-талай додаларда өңір намысын қорғамақшы.

Балжан БАЙМАҒАМБЕТОВА,

Айыртау аудандық білім

бөлімінің әдіскері.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp