«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының хабары

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru
2013 жылғы 1 шілдеде облыстық сайлау комиссиясының мәжілісі өткізіліп, онда 2013 жылғы 7 тамызға тағайындалған Солтүстік Қазақстан облысының аудандық маңызы бар қалаларының, ауылдық округтерінің әкімдерінің сайлауына әзірлік және өткізу жөніндегі негізгі шараларының жұмыс жоспары мен күнтізбелік жоспары қаралып, бекітілді.
Облыстық сайлау комиссиясы мүшелерінің аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтердің әкімдерінің сайлауына әзірлік және өткізу кезеңіндегі жұмыс тәртібі бекітілді.

Аудандық сайлау комиссияларының құрамдары мен тұрған орындары нақтыланды. 
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысына сәйкес сайлау құжаттарын дайындау туралы мәселе қаралды.
Басқа да мәселелер қаралды.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісінше қаулылар қабылданды.
Алдағы сайлау науқаны барысында аудандық маңызы бар қалалардың 4 әкімі және ауылдық округтердің 190 әкімі сайланатын болады.
* * *
“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 13-бабының 4-тармағына сәйкес облыстық сайлау комиссиясы облыстық сайлау комиссиясының құрамын жариялайды:
Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы
Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к., 38, 2-қабат, №41-43 бөлмелер, тел./факс 46-67-63, 36-55-44.
Төраға – Асқар Жоламанұлы Сақыпкереев.
Төрағаның орынбасары – Сергей Васильевич Калинин.
Хатшы – Светлана Валентиновна Копнина.
Комиссия мүшелері – Лариса Болеславовна Гордеева, Бейбіт Қайыркешұлы Исманов, Жасұлан Кенжебайұлы Қазбеков, Бейбіт Жылгелдіұлы Мұқанов.

Облыстық сайлау комиссиясы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp