Облыс әкімі Самат Ескендіровтің өкімімен Саят Қаятұлы Әшімов Солтүстік Қазақстан облысы Құрылыс басқармасының басшысы болып тағайындалды.
С.Қ.Әшімов 1963 жылы туған, Қарағанды облысы Нұра ауданы Ивановка ауылында дүниеге келген.
Арқалық педагогикалық институтын, Қазақ автомобиль жолдары институтын сурет, сызу және еңбекке баулу мұғалімі, құрылыс бакалавры мамандықтары бойынша тамамдаған.
Еңбек жолын 1986 жылы Бурабай курорты станциясының №101 орта мектебінде сызу, сурет және еңбекке баулу мұғалімі болып бастады, 1996-2005 жылдары құрылыс және сәулет мәселелері бойынша коммерциялық құрылымдарда директордың орынбасары болып қызмет етті. 2005-2007 жылдары Жамбыл ауданы әкімі аппаратының бас маманы, әкімнің орынбасары, Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары, 2007-2011 жылдары коммерциялық құрылымдарда басшылық лауазымдарда болды, 2011-2013 жылдары “ҚазМұнайГазӨнімдері” АҚ Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары бойынша филиалы директорының орынбасары.
2013 жылдың ақпанынан осы күнге дейін Жамбыл ауданының әкімі қызметін атқарды.
* * *
Облыс әкімі Самат Ескендіровтің өкімімен Серікбай Шәріпұлы Тұралинов Солтүстік Қазақстан облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып тағайындалды.
С.Ш.Тұралинов 1954 жылы туған, Көкшетау облысы Володар ауданы Қызыләскер ауылында дүниеге келген. Целиноград ауыл шаруашылығы институтын инженер-механик мамандығы бойынша тамамдаған.
Еңбек жолын 1978 жылы “Карасев” кеңшары МТШ механик-бақылаушысы, меңгеруші болып бастады. 1982-1986 жылдары Володар аудандық мамандандырылған шаруашылығы бірлестігінде инженер, 1986-1987 жылдары Қазақстан аудандық мамандандырылған шаруашылық бірлестігінде партия комитетінің хатшысы, 1987-1996 жылдары Айыртау ауданы “Қаратал” кеңшарының директоры. 1996-1999 жылдары Айыртау ауданы “Лавровка” ӨК басшысы, 1999-2011 жылдары Айыртау ауданы әкімінің орынбасары болып істеді.
2011 жылдан бүгінгі тағайындауға дейін Уәлиханов ауданының әкімі қызметін атқарды.
* * *
Облыс әкімі Самат Ескендіровтің өкімімен Салауат Сыйлыбайұлы Мұқсимов Солтүстік Қазақстан облысының Ішкі саясат басқармасының басшысы болып тағайындалды.
С.С.Мұқсимов 1980 жылы туған, Атырау облысы Индер ауданы Индер кентінде дүниеге келген.
“Қайнар” Алматы университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын юриспруденция, мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі мамандықтары бойынша тамамдаған.
Еңбек жолын 2001 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде азаматтық және еңбек құқығы және аграрлық және экологиялық құқық кафедраларының оқытушысы болып бастады.
2005 жылдан осы тағайындауға дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Конституциялық заңнамалар, сот жүйесі және құқық қорғау органдары жөніндегі комитеті депутатының көмекшісі болып қызмет етті.
* * *
Облыс әкімі Самат Ескендіровтің өкімімен Тотыкамал Ниязқызы Құлжанова жаңадан құрылған Солтүстік Қазақстан облысының Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі басқарма басшысының м.а. болып тағайындалды.
Т.Н.Құлжанова 1957 жылы туған, Солтүстік Қазақстан облысы Совет ауданы “Ленин” кеңшарында дүниеге келген. Қарағанды кооперативтік институтын сауда экономисі мамандығы бойынша тамамдаған.
Еңбек жолын 1978 жылы облыстық Тұтынушылар одағы дайындау басқармасының аға экономисі болып бастаған, 1985-1988 жылдары облыстық қаржы бөлімі халық шаруашылығын қаржыландыру бөлімінің аға экономисі, 1988-1994 жылдары “Рузар” АҚ бас экономисі, 1994-1996 жылдары Ұлттық банк облыстық басқармасы банктік қадағалау бөлімінің жетекші экономисі, 1996-1998 жылдары ММСҚ Солтүстік Қазақстан бөлімшесі директорының орынбасары, 1999-2003 жылдары “Денсаулық” РМҚК Солтүстік Қазақстан филиалының бас маманы, директорының м.а., 2003-2009 жылдары Петропавл қаласы әкімінің орынбасары, 2009-2011 жылдары “Казагромаркетинг” АҚ Солтүстік Қазақстан филиалының директоры болып істеді.
2012 жылдан бастап осы тағайындауға дейін Солтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының қызметін атқарды.
* * *
Облыс әкімі Самат Ескендіровтің өкімімен Рүстем Мұқашұлы Елубаев жаңадан құрылған Солтүстік Қазақстан облысының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар басқармасы басшысының м.а. болып тағайындалды.
Р. М. Елубаев 1969 жылы туған, Көкшетау облысы Қызылту ауданы Май ауылында дүниеге келген. Көкшетау ауыл шаруашылығы институтын, Көкшетау ауыл шаруашылығы университетін ғалым-агроном, экономист мамандықтары бойынша тамамдаған.
Еңбек жолын 1992 жылы “Май” кеңшарында агроном-тұқым өсіруші болып бастады. 1994-1998 жылдары “Жаңа ауыл” ҰАК бас агрономы, 1998-1999 жылдары “Солтүстік Қазақстан облысының жер пайдалануды және қорғауды бақылау жөніндегі облыстық мемлекеттік инспекциясы” КМҚК Көкшетау қаласы бойынша жер инспекциясының жетекші маманы, 2000-2005 жылдары “Азық-түлік корпорациясы” ЖАҚ Ақмола облыстық өкілеттігінің жетекші маманы, сапаны бақылау жөніндегі бас маманы, директорының орынбасары, “Азық-түлік корпорациясы” АҚ Батыс Қазақстан облыстық өкілдігінің директоры, 2005-2006 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі, 2006-2007 жылдары Уәлиханов ауданының әкімі, 2007-2009 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Жер қатынастары басқармасының бастығы болып істеді.
2009 жылдан осы тағайындауға дейін Аққайың ауданының әкімі қызметін атқарды.
* * *
Облыс әкімі Самат Ескендіровтің өкімімен Мұратбек Бегайдарұлы Зейнуллин Солтүстік Қазақстан облысының Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы болып тағайындалды.
М. Б. Зейнуллин 1961 жылы туған, Ақмола облысы Зеренді ауданы Қошқарбай ауылында дүниеге келген.
Новосибирск Жоғары әскери-саяси училищесін тамамдаған. Мамандықтары бойынша жоғары білімді офицер, тарих және қоғамтану мұғалімі.
Еңбек жолын 1984 жылы 118 жеке оқу танк полкінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету ротасы командирінің саяси бөлім бойынша орынбасары болып бастады. 1987-2009 жылдары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің түрлі лауазымдарында, 2009-2012 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы болып істеді.
2012 жылдан осы тағайындауға дейін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскері Бас қолбасшысы басқармасы аумақтық қорғаныс және жұмылдыру ресурстарын дайындау бас басқармасының бастығы қызметін атқарды.
* * *
Облыс әкімі Самат Ескендіровтің өкімімен Амантай Қаратайұлы Сейфуллин жаңадан құрылған Солтүстік Қазақстан облысының Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы басшысының м.а. болып тағайындалды.
А.Қ.Сейфуллин 1957 жылы туған, Қазақ ауыл шаруашылығы институтын, Челябинск мемлекеттік университетін ғалым-агроном, заңгер мамандықтары бойынша тамамдаған.
Еңбек жолын 1977 жылы Торғай облысы Жангелдин ауданы “Юбилейный” кеңшарының агрономы болып бастады. 1980-1984 жылдары Торғай облысы Жангелдин ауданы Титов атындағы кеңшарында тұқым шаруашылығының агрономы, трактор-егіс бригадасының бригадирі, 1984-1987 жылдары Торғай облысы Жангелдин аудандық комсомол комитетінің екінші хатшысы, аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, 1987-1996 жылдары Торғай облысы Жангелдин ауданы Гагарин атындағы кеңшардың бас агрономы, директоры, 1996-2004 жылдары Ақмола облысы Жақсы ауданы “Урожай” ЖШС-нің директоры, 2004-2012 жылдары Қостанай облысы Ұзынкөл, Қарасу аудандарының әкімі, 2012 жылдың қыркүйегінен 2012 жылдың желтоқсанына дейін “САД-НУР” ЖШС атқарушы директоры болып істеді.
Бүгінгі күнге дейін Айыртау ауданының әкімі қызметін атқарды.
* * *
Облыс әкімі Самат Ескендіровтің өкімімен Бауыржан Ғалымжанұлы Қайыржанов жаңадан құрылған Кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.
Б.Ғ. Қайыржанов 1977 жылы Көкшетау облысының Еңбекшілдер ауданындағы Құдықағаш ауылында туған. Көкшетау гуманитарлық-экономикалық университетін, Д.А. Қонаев атындағы гуманитарлық институтты бітірген, экономист-қаржыгер, юриспруденция мамандықтарына ие.
Еңбек жолын 1999 жылы Мемлекеттік кіріс министрлігінің салық полициясы органдарында бастады. 2000-2002 жылдары – “Согди” ЖШС-нің бухгалтер-экономисі, 2002-2004 жылдары – “Ак-фарм” ЖШС директорының орынбасары, 2004-2013 жылдары – коммерциялық құрылымдардың техникалық менеджері, бас директорының орынбасары, директоры.
2013 жылдан бастап осы тағайындауға дейін Қызылжар ауданындағы Бескөл ауылдық округінің әкімі болды.
* * *
Облыстық мәслихат сессиясының үстіміздегі жылғы 2 шілдедегі шешімімен Дулат Мейрамұлы Едрисов СҚО Тексеру комиссиясының төрағасы қызметіне бекітілді.
Д.М. Едрисов 1967 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Сергеев ауданындағы Ыбыраев ауылында туған. Қарағанды политехникалық институтын бітірген, мамандығы – инженер-экономист.
Еңбек жолын 1992 жылы С. Киров атындағы зауытта инженер-экономист болып бастады. 1993-1995 жылдары облыстық Қаржы басқармасының кіріс түсуін жоспарлау және экономикалық талдау, сондай-ақ акционерлік қоғамдарды, шаруашылық серіктестіктері мен компанияларды тіркеу жөніндегі орталық бюро және қаржыландыру бөлімдерінің бас маманы болып еңбек етті. 1995-1996 жылдары – облыстық қаржы басқармасының өндірістік емес саланы қаржыландыру бөлімі бастығының орынбасары, 1996-1998 жылдары – облыс әкімі аппаратының экономика және нарықтық қатынастар бөлімінің меңгерушісі, 1998 жылы облыс әкімінің қызметін жедел қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі, облыс әкімінің көмекшісі, 1998-2004 жылдары – облыстық Экономика басқармасының бастығы, Экономикалық даму департаментінің бастығы, 2004-2005 жылдары – “Петропавл ауыр машина жасау зауыты” АҚ бас директорының орынбасары, 2005-2009 жылдары – “Ауыл шаруашылығы техникасы зауыты” ЖШС-нің қаржылық директоры, 2009-2010 жылдары – облыстық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары, 2010 жылы – “Локомотив құрастыру зауыты” АҚ вице-президенті, 2011 жылы “Петропавл ауыр машина жасау зауыты” АҚ-ның сыртқы экономикалық байланыстар жөніндегі директоры болды. 2011 жылдан бері – “СҚО бойынша Тексеру комиссиясы” ММ-нің төрағасы.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.