«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

2 шілдеде бесінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың ХVІ сессиясының жалғасы болып, онда 2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы шешімге енгізілген өзгерістер бекітілді.

Сессияда Ақжар ауданынан сайланған облыстық мәслихат депутаты Қайрат Пішенбаевтың Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі болып тағайындалуына байланысты оның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Халық қалаулылары, сондай-ақ мемлекеттік қызмет туралы жаңа заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметшілердің “А” корпусына қабылданған үміткерлер арасынан іріктелген Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының жаңа құрамын бекітті. Аталмыш комиссияның төрағасы болып Дулат Мейрамұлы Едрисов, мүшелері болып Амандық Қаратайұлы Сейфуллин мен Марат Жолдыбайұлы Ебжанов қайтадан бекітілді. Тексеру комиссиясының тағы бір мүшелігіне Еркебұлан Әскерұлы Бағрамов жаңадан тағайындалды.

Әділет департаментінде тіркеуден өтпеуіне байланысты облыстық мәслихаттың үстіміздегі жылғы 27 мамырдағы “Солтүстік Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру Қағидаларын бекіту туралы” шешімінің күші жойылды. Бұл мәселе алдағы уақытта қайтадан қаралатын болады.

(Өз тілшімізден).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp