«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАМУ БАҒЫТЫ сарапшылардың оң бағасына ие болды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан табысты дамып келе жатқан мемлекеттер қатарында. “Дағдарыстан кейінгі әлем” халықаралық қорының биылғы жылғы ақпан-мамыр аралығындағы зерттеуі осындай нәтижені көрсетті. “Қазмедиа” орталығында осы зерттеуге орай жарыққа шыққан “Перспектива – 2050: әлемнің жаңа саяси-экономикалық картасы” атты жинағы талқыланды. Сауалнамаға 63 мемлекеттің 300-ден астам сарапшысы қатысқан.

Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

“Дағдарыстан кейінгі әлем” халықаралық қорының директоры Екатерина Шипованың айтуынша, бұрынғы Кеңес Одағының құрамында болған елдер арасында Қазақстан ең табысты мемлекеттік жобаға ие. Азия елдерінің ішінде тек біздің мемлекетте 2050 жылға дейінгі ұзақмерзімді стратегия қабылданғаны да сарапшылардың оң пікірін тудырған.

Сауалнамаға қатысушылардың 30 пайыздайы қазіргі әлемдегі даму сипатын ықпал етушілердің арасалмағының ауысуымен, яғни оның Батыстан Шығысқа жылжып, атап айтқанда, азиялық бағыт алуымен байланыстыратын көрінеді. Қор директоры сарапшылар қауымдастығының көзқарастары оптимистіктен гөрі пес­симистік бағытта қалыптасқан деді. Өткен ға­сырда сарапшылар даму үдерісін табиғи қалыпты жағдай деп есептесе, қазір олай емес, келесі буын біздерден нашар өмір сүреді, даму үдерісі орталықтан шет жақтарға қарай жүреді деген заңдылық та өзгеріске ұшырайды және әр аймақтың өзінің даму нүктелері, орталықтары болады деген пікірлер туып отырғанын қаперге салды.

Мемлекет басқарған жылдарында өз елдерінің дамуы мен табысқа жетуіне айтарлықтай әсер еткен тұлғалар қатарында Ангела Меркель, Ху Цзиньтао, Владимир Путин, Уго Чавес, Нұрсұлтан Назарбаев аталса, ел беделі мен дамуының құлдырауына себепкерлер кіші Джордж Буш, Хосни Мүбәрак, Хафез Асад, Муамар Каддафи, Сильвио Берлускони болып саналып отыр. Саяси көшбасшылар ішінде өз елінің дамуына әсер етпеген көшбасшылар тізімін Францияның экспрезиденті Николя Саркози мен Куба басшысы Рауль Кастро бастапты. Ал болашақта әлемдегі “жаңа жолбарыстардың” тізіміне кімдер кірмек деген сауалда да Түркия, Индонезия, Вьетнам, Ираннан соң Қазақстан тұрғаны да аталды. Тағы бір назар аударар жайт, Владимир Путин, Хосни Мүбәрак, Хафез Асад, Муамар Каддафи, Александр Лукашенко сынды көшбасшылардың есімдері екі тізімнен де түрлі деңгейде көрініс тапса, Нұрсұлтан Назарбаев тек бір тізімде оң ықпал етуші қатарында ғана аталған.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp