Өткен жексенбіде жергілікті БАҚ өкілдері пейнтбол жарысынан сынға түсті. Кәсіби мерекелерінің қарсаңында ұйымдастырылған өңірдегі алғашқы турнирге 10 құрама жиналды.
Сайыс қорытындысы бойынша республикалық арналар мен басылымдардың меншікті тілшілерінің құрамасы алаңнан жеңімпаз болып шықты. Екінші орынды “1 Северный” телеарнасының әуесқойлары еншіледі. Үздік үштікті “Информ-Вест” апталық газетінің құрамы түйіндеді.
Облыстық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.