«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨТКЕНІМІЗ ЖАҢАША ЗЕРДЕЛЕНЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Зарап ҚҰСАЙЫНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Кеше облыстық әкімдіктің үлкен залында тарихшы-ғалымдар, мемлекеттік қызметшілер, Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы, мәдениет және білім қызметкерлері өкілдерінің қатысуымен алқалы жиын болды.

Кеңесте облыс әкімінің орынбасары Фархад Қуанғанов баяндама жасады.

– Мемлекеттік хатшы Марат Тәжиннің төрағалығымен 5 маусымда өткен Қазақстан Республикасының ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысында тарих ғылымы қоғамды тәрбиелеуде, оның ой-сананы қалыптастыруда және мемлекеттікті нығайтуда жетекші рөл атқаратыны атап көрсетілді, – деді Фархад Қуанғанов. – Мемлекет басшысы ұсынған “Қазақстан – 2050” Стратегиясы қоғам дамуының жаңа белесіндегі басты мәселелерге, атап айтқанда, біз қайда барамыз және 2050 жылы қайда болғымыз келеді деген сұрақтарға жауап береді. Қазір ел болашағының дүниетанымдық жаңа моделін жобалау, басты құндылықтар мен бағдарларды айқындау мәселесіне баса назар аударылуда.

Баяндамашы бұл бағытта Қызылжар өңірінде атқарылып жатқан іс-шараларға да тоқталды.

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті тарих және құқық факультетінің деканы, тарих ғылымының кандидаты Сабыр Ыбыраев, “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ филиалы СҚО педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтының әдістемешісі Денис Виноградов, тарихшы-ғалым Нұрболат Әбуов, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры Гүлнәр Мұқышева өз ойларын ортаға салды.

Кеңесте еліміздің және облысымыздың тарихын зерделеудің жаңа бағыттары талқыланып, құнды ұсыныстар айтылды. Алдағы уақытта осы тақырып аясында “дөңгелек үстелдер”, семинарлар, конференциялар және басқа да іс-шаралар өткізу, Қоғамдық кеңес құру, тарих пәнінің үздік ұстазы байқауын өткізу, жас тарихшылар қауымдастығын ұйымдастыру ұсынылды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp