«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 03.07.2013

Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының хабары

2013 жылғы 1 шілдеде облыстық сайлау комиссиясының мәжілісі өткізіліп, онда 2013 жылғы 7 тамызға тағайындалған Солтүстік Қазақстан облысының аудандық маңызы бар қалаларының, ауылдық округтерінің әкімдерінің сайлауына әзірлік және өткізу жөніндегі негізгі шараларының жұмыс жоспары мен күнтізбелік жоспары қаралып, бекітілді.Облыстық сайлау комиссиясы мүшелерінің аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтердің әкімдерінің сайлауына әзірлік және өткізу кезеңіндегі жұмыс …

Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының хабары Read More »

ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

2 шілдеде бесінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың ХVІ сессиясының жалғасы болып, онда 2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы шешімге енгізілген өзгерістер бекітілді. Сессияда Ақжар ауданынан сайланған облыстық мәслихат депутаты Қайрат Пішенбаевтың Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі болып тағайындалуына байланысты оның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

ЗАҢДЫ БҰРМАЛАСАҢ, ЗАР ИЛЕЙСІҢ…

ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің СҚО бойынша департаментінің басшысы Тілеген Қаскиннің төрағалық етуімен облыстық Тәртіптік кеңестің кезекті отырысы өтіп, онда жеті мемлекеттік қызметшіге қатысты тәртіптік істер қаралды.  Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА, “Солтүстік Қазақстан”. Петропавлдағы “Планета” туристік орталығының директоры Жеткіншек Нәбиев, “Арай” бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Зәукен Галимова мен ветеринарлық станция директоры Ибраим Күрпенов Тәртіптік кеңес мүшелерінің ұйғарымымен қызметтеріне …

ЗАҢДЫ БҰРМАЛАСАҢ, ЗАР ИЛЕЙСІҢ… Read More »

КЕДЕН ОДАҒЫ ШЕҢБЕРІНДЕ

2009 жылы 27 қарашада Минскіде Қазақстан, Ресей және Беларусь Президенттері Кеден одағын құру туралы құжатқа қол қойды, ол 2010 жылы 1 қаңтардан бастап күшіне енді. Кеден одағының басты мақсаты – Бірыңғай экономикалық кеңістік құру. 2010 жылғы 1 шілдеден бастап салық органдарының Кеден одағы аясында салық өндіріп алуы тауарлардың экспорт және импорт кезіндегі төлемі үшін жанама …

КЕДЕН ОДАҒЫ ШЕҢБЕРІНДЕ Read More »

Жемқорлық құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу және ескерту мақсатында

Бүгінгі күні біздің республикамызда барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар заңға сәйкес өз әлеуеті аясында сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізеді. Мемлекеттік сыбайлас жемқорлықпен күрес бағдарламасында да жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму, нарықтық экономика құру, инвестиция тарту барысын тежеп, демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер етеді және еліміздің болашақта дамуына айта қаларлықтай қауіп төндіреді деп атап айтылған. …

Жемқорлық құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу және ескерту мақсатында Read More »

“АСТАНА” КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ

2 шілдеде Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада Астананың 15 жылдығына орай “Астана” атты жинақтың тұсауы кесілді деп хабарлады “ҚазАқпарат” агенттігі. Жинаққа “Егемен Қазақстан” газетінде 1994 жылдан бері жарық көрген мақалалар, сұхбаттар мен өлеңдер топтастырылған. Онда Ә.Кекілбаев, М.Жолдасбеков, Қ.Тоқаев, Қ.Сұлтанов, М.Қасымбеков, О.Мұхамеджанов және басқа да елімізге белгілі қайраткерлердің естелік-эсселері, сондай-ақ Х.Әбжан, А.Смайыл, Н.Оразалин, Қ.Тәукенов сияқты тарихшылар мен …

“АСТАНА” КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ Read More »

ӨТКЕНІМІЗ ЖАҢАША ЗЕРДЕЛЕНЕДІ

Зарап ҚҰСАЙЫНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Кеше облыстық әкімдіктің үлкен залында тарихшы-ғалымдар, мемлекеттік қызметшілер, Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы, мәдениет және білім қызметкерлері өкілдерінің қатысуымен алқалы жиын болды. Кеңесте облыс әкімінің орынбасары Фархад Қуанғанов баяндама жасады.

ЖЫРДАҒЫ ЕРЛІК – “ЕЛІМ-АЙ”

Абзал БӨКЕН, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Үстіміздегі жылғы 21 маусымда Қожаберген жыраудың 350 жылдығына орай облыс әкімі Самат Ескендіровтің қолдауымен Петропавл қаласында “Елім-ай!” деп өткен есіл ер” республикалық мүшәйрасы болып өткені мәлім. Осынау жыр додасының жеңімпазы – қарағандылық белгілі ақын Абзал Бөкеннің аталмыш мүшәйраға жолдаған өлеңдерін оқырмандар назарына ұсынуды ұйғардық. ҚОЖАБЕРГЕН Азап пенен ғажаптыңБұл өмірде …

ЖЫРДАҒЫ ЕРЛІК – “ЕЛІМ-АЙ” Read More »

ҚЫЗЫҒЫ мен ҚИЫНДЫҒЫ қатар жүретін мамандық иесі

Бақыт Алдабергенованы алғаш рет республика көлемінде екінші жыл өткізіліп отырған “Үздік педагог – 2013” байқауының облыстық кезеңінде сайысқан 13 ұстаздың арасынан көрген болатынмын. Сол сайыста Қызылжар ауданының Бескөл ауылындағы “Парасат” мектеп-лицейінің химия пәнінің мұғалімі Бақыт Ерікқызы өз әріптестерінің арасында оза шауып, “Үздік педагог – 2013” байқауының жеңімпазы атанған еді. Енді онымен жүзбе-жүз кездесіп, емен-жарқын әңгімелесудің …

ҚЫЗЫҒЫ мен ҚИЫНДЫҒЫ қатар жүретін мамандық иесі Read More »

“МАҚСАТЫМ – ҚАЗІРГІ ҚОҒАМҒА САЙ ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУ”

Асхат Ахманов – Мағжан Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжі жанындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейдің тарих және қоғамдық білім негіздері пәндерінің мұғалімі. Ұстаз “Тарих және қоғамдық білім негіздері сабақтарында оқытудың белсенді әдістері арқылы оқушының азаматтық көз-қарасын дамыту” мәселесі бойынша жұмыс істейді. Ондағы мақсаты – оқушылардың заман талабына қарай білім мен тәрбие алуын жан-жақты қамтамасыз ете отырып, …

“МАҚСАТЫМ – ҚАЗІРГІ ҚОҒАМҒА САЙ ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУ” Read More »

“ЖАС ЗЕРТТЕУШІ” САБАҒЫ оқ ушының танымын арттырады

Мектеп бағдарламасында ғылыми жобаға баланы дайындауға арналған “Жас зерттеуші” факультативтік сабағы берілген. 33 сағатқа бөлінген арнайы факультативтік сабақтарда ұсынылған түрлі тақырыптар бойынша оқушылар зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Зерттеу жұмысының нәтижесі бойынша 1-сынып оқушысы Аида Қожақ таяуда “Нұрлы көжек” байқауында 3-дәрежелі дипломмен марапатталды.

ҰБТ-ның ҚОРЫТЫНДЫСЫ ҚАНАҒАТТАНДЫРАДЫ-АУ, БІРАҚ…

Ұлттық бірыңғай тестілеу аяқталып, толық қорытындысы шығарылды. Облыс бойынша мектеп бітірген 4326 түлектің Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқаны – 2410 оқушы. Еліміз бойынша ең жоғары орташа ұпай Алматы қаласында – 84,7, Ақтөбе облысы – 78,7, Астанада – 78,5. Біздің облыстың орташа балы – 77,42. Басқа өңірлермен салыстырғанда солтүстікқазақстандық түлектер 4-ші сатыда. Республика бойынша бұл осал көрсеткіш …

ҰБТ-ның ҚОРЫТЫНДЫСЫ ҚАНАҒАТТАНДЫРАДЫ-АУ, БІРАҚ… Read More »

ҚАЗАҚ ТІЛІ ОҚУЛЫҚТАРЫ МӘТІНДЕРІНДЕГІ ЛЕКСИКАЛЫҚ БІРЛІКТЕРДІҢ ҚОЛДАНЫМ ЖИІЛІГІ

Қазіргі қазақ тілі оқулықтарына тоқталатын болсақ, көптеген оқулықтарға тән кемшілік – лексикалық және грамматикалық материалдарды сұрыптау қағидаттары сақталмайды. Әр сабақта беріліп отырған жаңа сөздер көбіне оқулықта енгізілген жаттығулар, тапсырмалар, мәтіндер негізінде кездейсоқ алынып, оқу материалын беруде сөздің жиілігі, сабақтастық қағидаттары ескерілмейді. Сөзіміз дәлелді болуы үшін кейбір бастауыш топқа арналған оқулықтарға талдау жасап көрелік. Алғашқы шыққан …

ҚАЗАҚ ТІЛІ ОҚУЛЫҚТАРЫ МӘТІНДЕРІНДЕГІ ЛЕКСИКАЛЫҚ БІРЛІКТЕРДІҢ ҚОЛДАНЫМ ЖИІЛІГІ Read More »

ЖАҢА БАСШЫЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Дүйсенбі күні өңір басшысы Самат Ескендіров жаңадан тағайындалған 7 басқарманың басшылары мен басшы міндетін атқарушыларды облыс активіне таныстырды. Арайлым СМАҒҰЛОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Олар – Құрылыс басқармасының басшысы Саят Әшімов, Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серікбай Тұралинов, Ішкі саясат басқармасының басшысы Салауат Мұқсимов, Дін істері жөніндегі басқарманың басшысы Мұратбек Зейнуллин, жаңадан құрылған Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы басшысының …

ЖАҢА БАСШЫЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ Read More »