«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДА өз жеңімпаздарын анықтады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы және Білім басқармасының ұйымдастыруымен Шал ақын ауданындағы “Аютас” сауықтыру лагері базасында “Ұстаз – 2013” жазғы спартакиадасы болып өтті. Оған барлық аудандардың, Петропавл қаласы мен М.Қозыбаев атындағы университеттің командалары, барлығы 200-ден астам спортшы қатысты.

Жарыс спорттың 6 түрі бойынша өткізілді.

Тартысты өткен сайыста шахмат пен дойбыдан – Петропавл қаласына, тоғызқұмалақта – Аққайың ауданына, дартсудан Шал ақын ауданына, үстел теннисінде М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-ге тең келетін команда болған жоқ. “Көңілді мәре” эстафетасында айыртаулықтардың мәртебесі үстем болды.

Жарыс қорытындысы бойынша Айыртау ауданы облыстық спартакиаданың жеңімпазы атанды, Петропавл қаласы мен М.Қозыбаев атындағы СҚМУ командалары тиісінше екінші және үшінші орындарды қанжығаларына байлады. Жүлделі орын алғандар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Назымбек ОРАЗЫМБЕТОВ,

облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp