«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

РАМАЗАН АЙЫ ҚАРСАҢЫНДА бас имам БАҚ өкілдерімен кездесті

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Болат ҚОЖАХМЕТОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Жұмақтардың есіктері ашылатын, тозақтардың есіктері жабылатын Рамазан айына тура бір апта ғана қалды. Кеше “Қызылжар” орталық мешітінде БАҚ өкілдерімен кездескен ҚМДБ-ның облысымыздағы өкіл имамы Кенжетай Дүйсенбай осы оқиға жөнінде әңгіме қозғады. Ол ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Ержан Малғажыұлының Рамазан айына байланысты республика тұрғындарына арналған Үндеуін оқып берді. Жалпақ жамағатты мұсылмандықтың бір парызын орындауға шақырған және күнделікті тұтынатын тауарлардың бағасын сәл-пәл арзандату жөнінде кәсіпкерлерге өтініш білдірілген бұл Үндеуді жұртшылыққа жеткізуге қатысты БАҚ өкілдеріне бұйымтай айтылды.

Осы мәселе жөнінде облысымыздың Құрметті азаматы Жақсылық Ысқақов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ескендір Елеусізов және қарт журналист Амандық Жантеміров өз лебіздерін білдірді. БАҚ өкілдерін өткен төл мерекелерімен құттықтаған бас имамның лебізіне әріптестерінің атынан осы жолдардың авторы алғысын білдірді.

Кездесу барысында дін мәселесін салиқалы түрде қозғап жүрген бір топ журналистерге “Қызылжар” орталық мешітінің Алғыс хаттары тапсырылды.

Бас имам журналистердің сұрақтарына толымды жауап қайтарды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp