«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОЛДЫ БОЛҒАН ҚАРУ ИЕСІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлдағы Бензострой ықшамауданының тұрғынын тонаған қарақшы ұсталды. Ұры жапа шегушінің құны 600 мың теңге болатын CZ 550 карабинін ұрлаған. Қолды болған қару иесіне қайтарылды.

Бензострой ықшамауданының тұрғыны полицейлерге үйінің тоналғанын сенім телефоны арқылы хабарлаған. Бірнеше күндік іссапардан оралған қала тұрғыны баспанасының тоналғандығын байқаған. Оқиға орнына жеткен №2 қалалық полиция бөлімінің тәртіп сақшылары есіктің құлпы бұзылмағандығын, яғни ұрының баспана иесінің үйде болмайтындығын алдын ала біліп, асықпай әрекет жасағандығын анықтады.

Тергеу шаралары барысында осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен жәбірленушінің көршісі ұсталды. Ол бұрын да істі болған. Ұрлық жасаған қала тұрғыны 2-ші қалалық полиция бөлімшесіне жеткізілді. Белгілі болғанындай, күдікті үй иесінің туысымен таныс болған. Сол арқылы баспананың бірнеше күн қараусыз қалатындығын біліп, ұрлыққа барған. Еш қиындықсыз үй қоршауынан секіріп өткен соң ер-азамат темір сейфті бұзған. Сейфте ақша болмағанымен, бағалы карабин мен оның оқ-дәрілерін ұрлап, иесіз жатқан ескі үйдің ішіне жасырған. Көздеген мақсаты ұрлаған заттарды сатып жіберу болғанымен, қаруды ашық саудаға шығаруға жүрексінген.  

Бұрын істі болған жігіт қамауға алынып, оның үстінен ҚР ҚК 255-бабы бойынша (“Қаруды ұрлау және тығу”) қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.

СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp