«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АРМАН ҚАЛАҒА ВИРТУАЛДЫ САЯХАТ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бану АХМЕТОВА.

 

“Астана – арман қала”. Осындай атаумен Петропавлдағы №7 орта мектепте елорданың туған күніне арналған іс-шара ұйымдастырылды.

Астана күнінін атап өтуде білім ұялары да шет қалып жатқан жоқ. №7 орта мектеп ұжымы Астанаға арналған жиынды интеллектуалдық түрде ұйымдастырыпты. Мұғалімдердің оқушыларға қойған сұрақтарында елорданың қалыптасу тарихы барынша қамтылған. Балалар да өз кезегінде сыннан сүрінбеді. Бәрі де мүдірместен жауап беруде. Оқушылар осылайша Бас қала жайлы білгеніміз толыға түсті, дейді.

Елорда аз уақыттың ішінде гүлденіп, әлемге танылды. Ол өзінің ерекше сұлулығымен көз тартады. Жуырда Астананы мектептің 9 үздік оқушысы тамашалап қайтқан. Мұндай мүмкіндік тұрмысы төмен отбасы балаларына берілген. Жиын соңы “Здравствуй, столица” әнімен аяқталды.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp