«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мерекелік құттықтау

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қымбатты солтүстікқазақстандықтар!

Тамаша астанамыздың 15 жылдығы құтты болсын!

Бұл – Астана тұрғындары үшін ғана емес, барша қазақстандықтар үшін айтулы күн.

Астананың тарихы Қазақстан Тәуелсіздігінің шежіресіндегі ең айшықты кезеңге айналды. Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев жас мемлекеттің қалыптасуының ең күйзелісті кезеңінде, еліміз дамудың ескі және жаңа жолдарының қиылысында тұрған уақытта, аса күрделі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайда жаңа елорданы салу жөніндегі шешімді жария еткенін еске алу маңызды. Сонда Мемлекет басшысы қажымас жігер мен көрегендік таныта, барлық жауапкершілікті өзіне ала отырып, осынау өршіл мақсаттың басты бастамашысы және авторы болды.

Еліміздің Президенті тарихи қысқа мерзімнің ішінде ақселеу басқан ұшы-қиырсыз далада жаңа Қазақстанның сәулетті астанасын салып, бүкіл жаһанда көз көрмеген жобаны жүзеге асырды. Еуразияның інжу-маржаны, асқақ Астана Қазақстанды тәуелсіздіктің айрықша рухымен, жеңістер мен жаңа жетістіктердің рухымен тұтастыра түсті.

Бүгінгі Астана – тұла бойында Шығыс пен Батыс мәдениетін, барша қазақстандықтардың асқақтығын тоғыстырған, мемлекетті топтастыру мен ұлттық идеяны жүзеге асырудың символына айналған бірегей қала.

Елорда бүкілғаламдық дипломатияның орталығына айналды, мұнда әлемдік діндер съездері, ірі халықаралық форумдар мен конференциялар өтеді.

Астананы “ЭКСПО – 2017” бүкілдүниежүзілік көрмесі өтетін қала ретінде таңдау – елордамызды мұндай деңгейдегі шараны өткізуге лайықты, жоғары дамыған орталық ретінде тану деген сөз. Бұл – бүкіл Қазақстанның ортақ жеңісі және халықаралық қауымдастықтың зор сенімінің, Мемлекет басшысының жүргізіп отырған саясатына берілген жоғары бағаның айғағы.

Астана өзінің 15 жыл ғұмырында бүкіл кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістіктегі, еліміздің қуатты әлеуетін танытқан асқан ауқымды жобаға айналды. Ол жарқын, көркею үстіндегі, барша қазақстандықтарды топтастырған және ілгері ұмтылған қала болып отыр.

Оның алдында әлі де көптеген аса ауқымды жоспарлар мен жобалар тұрғандығы сөзсіз. Оларды жүзеге асыруға еліміздің әрбір азаматы өзінің күш-жігерін жұмсауға тиіс.

Құрметті солтүстікқазақстандықтар!

Осынау жарқын мереке күні Сіздерге шын жүректен мықты денсаулық, бақыт, игілік пен молшылық, ашық аспан және Отанымыз – Қазақстан Республикасының көркеюін тілеймін!

Самат ЕСКЕНДІРОВ,

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp