«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОҚУ ОРНЫМДЫ МАҚТАН ТҰТАМЫН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сейілбек ӘСЕТ,

студент.

Қазіргі заман талабы – сауатты, креативті ойлайтын, жан-жақты білімді, белсенді жастар тәрбиелеу. Сондай жастарды даярлап, оқытуда жоғары оқу орындарының (ЖОО) атқарар міндеті зор. Өзім болашақ мамандығым туралы көп ойландым. Оқу орнын таңдауға келгенде таңдауым Еуразия Ұлттық университетіне түсті. Бұл университетке түсу менің бұрыннан бергі арманым еді, өйткені ол – отандық білімнің флагманына айналған элиталық, классикалық білім ордасы.  

Қазіргі таңда мен осы университеттің 1-курсын тамамдадым. Аталған білім ордасына 1996 жылы белгілі тарихшы-этнолог, көрнекті еуразияшыл ғалым Лев Николаевич Гумилевтің есімі берілген еді. Содан бері бұл есімді университетіміз биікке асқақтатып, беделді білім ордасына айналды. Қазіргі кезде бұл оқу ордасы – халықаралық талаптарға сай, еуразияшылдық идеяларды белсенді жүзеге асырушы және кәсіби деңгейі жоғары, елімізге қажетті әрі білікті мыңдаған мамандарды даярлайтын жетекші ЖОО. Халықаралық зерттеулерге қатысып, бұл университет 2012 жылы Орталық Азия аймағы бойынша бірінші орынға ие болып, әлемдегі озық 400 университеттің қатарынан көріне білді. Сонымен қоса, ол – Қазақстандағы алғашқы ТМД Желілік университеті мен ШЫҰ университеті аясындағы қос дипломды білім беруді жүзеге асырған білім ошағы.  

Мұнда білімді де ақылды жастың өзін-өзі толықтай көрсетіп, жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалған. Бүгінгі таңда университет құрамында жаратылыстану-техникалық және әлеуметтік-гуманитарлық бағытта ғылыми зерттеу жүргізілетін ғылыми бөлімшелер қызмет атқарады. Жыл сайын университетте 100-ге жуық халықаралық, республикалық ғылыми-теориялық конференциялар, форумдар, “дөңгелек үстелдер” ұйымдастырылады. Оқу үдерісіне қажетті әдебиеттермен қамтамасыз ету мақсатында кітап қоры 1 млн.-нан астам “Отырар кітапханасы” ғылыми орталығы құрылған. Сонымен қатар, университетте екі әскери-оқу мамандығы бойынша біліммен қаруланған запастағы офицерлерді даярлауға бағытталған әскери кафедра жұмыс істеуде. Университетімізге алыс-жақыннан көптеген профессор-ғалымдар, саясаткерлер, тәжірибелі мамандар жиі келіп, студенттерге дәріс оқып отырады. Университет жанында орналасқан “Алатау”, “Толқын”, “Қазақстан” Спорт сарайлары жастардың саламатты өмір салтын ұстануға мүмкіндік береді. ЕҰУ – топжарған, жастар білім алатын озық оқу ордасы және сапалы білім мен келешектің кепілі.

Тайынша ауданы,

Теңдік ауылы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp