«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАТУЛЫҚ пен БІРЛІК – басты байлығымыз

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Ассамблея” корпоративтік қорының ұйымдастыруымен Петропавлдағы Достық үйінде “Этносаралық келісім – тұрақтылық пен гүлденудің негізгі бағыттарының бірі” тақырыбында “дөңгелек үстел” өтті. 

 

Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Түрлі ұлттық-мәдени бірлестіктердің өкілдері жиналған үстел басында облыстағы этносаралық келісім, тұрғындардың қарым-қатынасы, тұрақтылық жағдайы талқыланды. Сөз алғандардың барлығы Қазақстандағы татулық пен бірлікті басты байлыққа теңеп, бұл жолда қандай шараларды күшейту керектігіне тоқталды. Мәселен, Мағжан Жұмабаев ауданындағы “Сударушка” славян этномәдени орталығының жетекшісі Любовь Неживых жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, тұрғындардың өз мәдениеті мен тарихынан қол үзбеуі мақсатында жасалып жатқан шаралар туралы айтып берді. Оның айтуынша, орталық жұмысына мектеп оқушылары белсенділікпен атсалысып келеді. 2009 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан орталықта “Умелые руки” үйірмесі ашылған. “Жастар осында келіп, шығармашылық жұмыспен айналысады. Түрлі мерекелік шараларға қатысып, славян халықтарының мәдениетін насихаттап жүрміз”, – дейді орталық жетекшісі.  

“Ассамблея” корпоративтік қоры облыстағы этносаралық келісімді нығайту бағытындағы осындай шараларды жиі өткізуді жоспарлап отыр.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp