«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТӨЛ МЕРЕКЕГЕ ТАРТУЫМЫЗ ТОЛЫМДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мұрат МҰХАМЕТЖАНОВ,

Петропавл қалалық Салық басқармасының басшысы.

9 шілде күні Қазақстан Республикасы салық қызметінің құрылғанына 22 жыл толады. Салықтардың мемлекеттік бюджеттің негізгі құрамдас бөлігі екені баршаға мәлім және оның мемлекет қазынасына қаншалықты толық түсуіне байланысты мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік даму деңгейі айқындалады. Құрылғанына бір жылға жетпес уақыт ішінде Петропавл қаласы бойынша Салық басқармасы өзінің басты міндеті – бюджеттің кіріс бөлігін қамтамасыз етуді табысты жүргізіп келеді.

2013 жылдың 1-ші жартыжылдығында қалалық Салық басқармасы салықтар мен төлемдер түсімі болжамдағы 20071210 мың теңгенің орнына 20688380,4 мың теңге жинауды қамтамасыз етті немесе атқарылуы 103,1 пайызды құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда түсімдер өсімі 3213600,3 мың теңге құрады немесе өсім қарқыны 118,4 пайыз болды. Бұл Салық басқармасы ұжымының салықтық әкімшілдендіру және салық қызметтері сапасын көтеру мәселелеріндегі жүйелі жүргізген жұмыстардың нәтижесі деп айтуға болады.

Салықтық әкімшілдендіру түрлерінің бірі салықтық есепті камеральдық бақылау болып табылады. Бірінші жартыжылдықта ғана осындай жүргізілген жұмыстардың нәтижелері бойынша бюджетке қосымша 1158,7 мың теңге түсті. Төлем көзінен салынбайтын табыстардан жеке кіріс салығы бойынша бюджеттің кіріс бөлігін толықтыру мақсаттарында мүлікті өткізген кезде құн өсімінен және салық агенттері болып табылмайтын тұлғаларға мүлікті жалға беруден мүліктік кіріс алған жеке тұлғаларды анықтау жөнінде жұмыс жүргізіледі. Сөйтіп, жыл басынан бюджетке қосымша 2994,0 мың теңге аударылды.

Салық органдарының қазіргі уақытта алдында тұрған өзекті міндеттердің бірі акциздерді әкімшілдендіру жөніндегі жұмыстар болып табылады. 2013 жылдың 1-ші жартыжылдығында акциздеуге жататын өнімдер айналымы аясындағы тәртіп бұзушылықтар үшін 45 салық төлеуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Соның ішінде Петропавл қаласының әкімшілік сотына 9 әкімшілік материал жіберілді, 22 әкімшілік материалы бойынша 6 ай мерзімге сақтауға және бөлшек саудада өткізуге лицензиялар күші тоқтатылды, 14 әкімшілік материалы бойынша сомасы 1177,0 мың теңгенің айыппұлдары салынды.

Бюджеттің кіріс бөлігін толықтыру резервтерінің бірі бюджетке түспеген сомаларды өндіріп алу жөніндегі жұмыстар болып табылады. Салықтар бойынша алынбай жүрген түсімдер 2013 жылдың 1-ші тоқсанымен салыстырғанда 1768357,0 мың теңгеге немесе 26,5 пайызға кемітілді. Сол сияқты түспеген түсімдер міндетті зейнетақы жарналары бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларына 2746,0 мың теңгеге және әлеуметтік аударымдар бойынша мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына 1845,0 мың теңгеге төмендеді.

Кеден одағы құрылуына байланысты салық органдары Кеден одағы аясында жанама салықтарды әкімшілдендіру жөнінде жұмыстар жүргізуде. Үстіміздегі жылдың есепті кезеңінде Кеден одағы елдерінен импорттық жеткізімдерге 936 қатысушы салықтық декларациялау толтырды. Уақтылы салық есебін тапсырмағаны және жанама салықтар төлемегені үшін тоқсаннан астам тұлға жалпы сомасы 1004,5 мың теңге әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 735,5 мың теңгесі өндіріліп алынды.

Тұрғындарға және бизнеске мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсарту, мемлекеттік органдардың өз қызметінде мөлдірлікті және есептілікті арттыру мәселелері қазіргі уақытта мемлекеттік органдардың, соның ішінде салық органының да қызметіндегі маңызды басымдықтар болып табылады. Салық төлеушілеріне барынша қолайлы жағдай жасау үшін Петропавл қаласындағы “Ақпараттар қабылдау және өңдеу орталығында” құжаттарды қабылдау, өңдеу және беру жөніндегі жұмыстар жүргізіледі. Салық қызметтері сапасымен қанағаттандыру деңгейін көтеру және салық төлемшілері үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында қалалық Салық басқармасында республиканың облыс орталықтары ішінде алғашқылардың бірі болып электрондық кезек жүйесі енгізілген. Ол салық төлеушілерді кезекте тұру машақатынан құтқарады және салық органдарына орталық қызметкерлері көрсететін салық қызметтеріне сараптама жүргізуге мүмкіндік береді.

Қалалық Салық басқармасы салық төлеушілерінің мемлекет алдындағы өз міндеттерін адал орындағаны сияқты, салық төлеушілердің өз мүдделерін қарауға құқының да сақталуын көздейтін салық мәдениетін көтеруге де көп көңіл бөледі. Тұрғындарды ақпараттандыру және салық төлеушілердің салық мәдениетін көтеру үшін жыл басынан 64 семинар мен “дөңгелек үстел” өткізілді, газеттер мен журналдарда 79 мақала жарияланды, көгілдір экран мен радиодан 214 хабар жүргізілді, барлығы 7718 жазбаша түсініктеме және ауызша ақыл-кеңестер берілді.

Қалалық Салық басқармасының жұмысы барынша автоматтандырылғанына қарамастан, негізінен, жоғары кәсіби мамандардың біліктілігімен айқындалады, мемлекеттік бюджеттің толығуы алдымен соларға байланысты. Олардың қатарында Г. Жүсіпова, С. Клямер, Е. Байболсынов, К. Бекішева, Т. Сәлкеев, А. Төлегенова, А. Қайсенов, Е. Яковенко, А. Хасенова және Л. Баймұрзина сияқты салық қызметкерлерін атауға болады. Мереке қарсаңында басқарманың “Құжаттар өңдеу, тұлғалық шоттар жүргізу есебі орталығы” бөлімінің басшысы Оксана Краденова еліміздің қаржы саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі, мемлекеттік салық қызметіндегі мінсіз еңбегі үшін “Салық қызметінің үздігі” төсбелгісімен марапатталды. Қалалық Салық басқармасы құрылған аз ғана уақыт ішінде З. Комарова, Н. Потеряева, Ж. Қамзинова және Т. Кондратова сияқты саңлақтарымыз құрметті еңбек демалысына шығып та үлгерді.

Салық органдарының барша қызметкерлері мен ардагерлерін кәсіптік мерекемен құттықтаймын, бәріне зор денсаулық, табыс пен мол бақыт тілеймін!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp