«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЙДАРДЫҢ “АЛТЫНЫ”

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бішкек қаласында жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан өткен Азия біріншілігінен жерлес зілтемірші Айдар Қазов бір алтын, екі қола медаль еншілеп оралды.  

Жарыс барысында 77 кило салмақ санатында еліміздің намысын қорғаған қызылжарлық спорт шебері Айдар Қазов серпе көтеру жарысында 179 килоны бағындырып, үздік атанды. Жұлқа көтеру сайысында 135 килолық зілтемірді бағындырып үшінші орынға тұрақтады. Қоссайыс қорытындысын 314 килограмға жеткізген Айдар жалпы есепте үшінші орынға табан тіреді.

Айдар Қазов – жасөспірімдер арасында ҚР үш мәрте жеңімпазы, ересектер арасында ел біріншілігінің жүлдегері.

Сондай-ақ Қостанай қаласында жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан ел біріншілігі аяқталып, аталмыш сайыста солтүстікқазақстандықтар жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Атап айтқанда, Ринат Баударбеков 77 кило салмақта жеңімпаз атанса, 50 кило салмақта сынға түскен Азат Едігеев алтыншы орыннан көрінді.

 

Облыстық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp