Теміртауда қыздар арасында волейболдан ел кубогы өтті. Оған қатысқан 19 өңірдің волейболшы қыздары үш жас деңгейі бойынша өнер көрсетіп, сайыстың бас жүлдесі үшін апта бойы сынға түсті.
Бұл жарыста 12-13 жасар қыздар арасында солтүстікқазақстандық волейболшылар үздік атанса, қарағандылықтар 14-15 жас аралағында топ жарды. Ал 16-17 жастағылар арасында астаналық “Оқушылар сарайының” тәрбиеленушілері жеңіске жетті.
Облыстық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы.