«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕЛАЯҚТАРЫМЫЗ ТОП ЖАРДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Астана күніне орай Петропавл әуежайы тас жолында қалалық жартылай марафон өтті. Оған қатысқан жергілікті және Ақмола облысының, Астана қаласының 35 желаяғы 5, 10 және 21 шақырымды бағындырды.  

Бәсекелі дода қорытындысы бойынша 21 шақырымда Әскер Қожанов (Жамбыл ауданы) топ жарды. 10 шақырымда көкшелік Балғабай Күлпейісов үздік атанды. Жерлес желаяқтар Ринат Каримов ерлер арасында, ал Флюра Невежина қыздар арасында мәре сызығын бірінші болып кесті.

Сайыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен, ал қала қонақтары арнайы сыйлықтармен марапатталды.

 

Облыстық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp