«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРДІ АЛДАП ЖҮРГЕН екі алаяқ әйелге іздеу жарияланды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қаласының Заречный ықшамауданында тұратын 68 жастағы зейнеткердің үйіне бөтен екі әйел келіп, жалға берілетін бөлме жайында сұрастырған. Кейін алаяқтар денсаулық жайында әңгіме қозғаған. Қарияға аяғының ауыратынын айтып, ыңғайлы сәтті жіберіп алмауға тырысады. Сырқатқа көмектеспек болып, дұға оқу мақсатында үй иесінен алғашында жұмыртқа, бір стақан су мен орамал алып шығуын сұрайды. Кейін пәленің барлығы ақшадан деген сылтаумен үйдегі бар қаржыны алып шығуын өтінеді. Алданған қарт ана бар жинаған 47 мың теңгесін алаяқтардың қолына ұстатады. Екі келіншек дұғалап, дуаның алынғанын айтып, соманы орамалда оралған қалпы таң атқанша жасырып қоюына кеңес береді. Зейнеткер уақыт өте келе ақшасын санамақ болған кезінде ғана алдауға түскенін түсінеді. Полицияға хабарласып, қазір алаяқ екі әйелге іздеу жарияланды.

“Облыс орталығында егде жастағы зейнеткерлерге қатысты алаяқтық фактілері жиілеп отыр. Қала тұрғындарынан сақ болуларын сұраймыз. Бейтаныс адамдармен сөйлеспеңіздер, үйлеріңізге есік қағатын болса, кіргізбеңіздер. Ал егер Сізге қатысты алаяқтық іс жасалған болса, тез арада полиция қызметкерлеріне хабарлаңыз”, – деп кеңес береді Петропавл қалалық Ішкі істер басқармасының жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Мейрам Бақтияров.

Қазіргі кезде тәртіп сақшылары іздеуде жүрген күдіктілерді табу мақсатында іздестіру шараларын ұйымдастыруда. Полиция қызметкерлері аталмыш алаяқтардан зардап шеккендер болса, олардың тәулік бойы жұмыс істейтін “102” телефон нөміріне хабарласуларын сұрайды.

СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp