2012 жылдың қорытындысы бойынша облыстың орта, ірі кәсіпорындары 2 млрд. теңгеден артық пайда түсірді.
Есеп берген кәсіпорындардың жалпы санында кірісті кәсіпорындардың үлес салмағы 60 пайыздан асты.
2012 жылы облыс экономикасы нақты секторының орта, ірі кәсіпорындары қызметінің нәтижесі 2 092,3 млн. теңге пайда болды. Ең үлкен пайда сомасын – 2 976,2 млн. теңге ауыл шаруашылығы кәсіпорындары және 2 424,1 млн. теңге электрмен жабдықтау, газ, бу берумен айналысатын кәсіпорындар алды.
Облыста есеп берген кәсіпорындардың жалпы санында пайдалы кәсіпорындардың үлес салмағы 60 пайыздан арта түсті. Өткен жылмен салыстырғанда, пайдалы кәсіпорындар өз қаржы нәтижесін жақсартты, бір кәсіпорынға шаққанда пайда сомасы орташа 113,1 млн. теңгені құрады.
Облыстық Статистика департаменті.