2013 жылғы І тоқсанда шағын кәсіпорындардағы орташа айлық атаулы жалақы өткен 2012 жылғы І тоқсанмен салыстырғанда 21,5%-ға өсті.
Шағын кәсіпорындардағы жұмыскерлердің орташа айлық жалақысы 2012 жылғы І тоқсанмен салыстырғанда 21,5%-ға өсіп, 2013 жылғы І тоқсанда 47 887 теңгені құрады. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында орташа айлық жалақы – 44 947 теңге, өнеркәсіпте – 46 183 теңге, құрылыста – 49 645 теңге, саудада 50 352 теңге мөлшерінде айқындалды. Ең жоғары жалақы кәсіби, ғылыми және техникалық қызметпен айналысатын кәсіпорындарда атап өтілді – 67 360 теңге.
Аудандар ішінде барынша жоғары жалақы Есіл (52 330 теңге), Айыртау (51 254 теңге) және Ғабит Мүсірепов атындағы (49 981 теңге) аудандарда тіркелген. Петропавл қаласында шағын кәсіпорындардағы орташа айлық жалақы 50 350 теңге мөлшерінде айқындалды.
Облыстық Статистика департаменті.